Ашық аспан астындағы семинар

Ашық аспан астындағы семинар
жеке
блог

2016 жылдың 30 мамырында «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы аймақтық Жастар саясаты басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік және конфессиаралық саясат дамуындағы жастардың рөлі» тақырыбында ашық аспан астында семинар ұйымдастырды.  

Шараға «Жас Отан» ЖҚ, «Жас Ұлан» ББЖҰ белсенділері, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ, «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы мен «Kazakhstan Innovations» ҚҚ өкілдері мен басқалары қатысты.

Семинар екі бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімде экологиялық мәдениетті қалыптастыру және азаматтық сана-сезімді көтеру мақсатында қалалық экосаябақты аббатандыру мен көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп, 100-ге жуық қайың мен қарағай көшеттері отырғызылды. Саяжолға «Жастар алаңы» атауы берілді.  

Екінші модуль бағдарламасы  діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алуға, оқушыларға лаңкестік әрекеттер жайында жалған хабарлама беруге және құқыққа қайшы әрекеттерді жазалау бойынша ақпарат беруге бағытталған еді.

Екінші бөлімнің басты спикерлары ретінде Ақмола облысы дін істері басқармасы жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ ақпараттық-насихат бөлімінің маманы Диасхан Жантай мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жастар ісі бөлімінің Ақмола облысы бойынша мүшесі Дәулет Мүсіркеп қатысты, ал модератор ретінде «Жас Отан» ЖҚ  аймақтық филиал басшысы Жанаргүл Жунусова болды.

Дәріс соңында қызу пікірталас туындап, өзекті тақырыптағы мәселелер көтерілді, барлық қатысушыларға ақпараттық-әдістемелік материалдар таратылды.

«Мен әлеуметтік желіні күнде қолданамын. Бүгінгі семинардың арқасында дәстүрлі емес діни ағымдарға жастарды тарту бойынша қыруар жұмыс дәл осы алаңда жүргізілетінін түсіндім, енді алдағы уақытта әлеуметтік желіде мұқият боламын. Барлығын белсенділік танытып, араңдатушыларға ермеуге шақырамын. Сонымен қатар, Отаныма сөзбен емес, іспен пайда келтіре алатыныма көзім жетті. Табиғатты келесі ұрпаққа сақтап қалу біздің қолымызда!», - деп жасұландық Никита Корешков ойымен бөлісті.