Менің университетімнің тынысы

          Талдықорған қаласының төрінде орналасқан І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университет бүгінгі заман талабына сай оқу орын. Ол жерде «оқимын» деген әрбір білімгерге барлық жағдай жасалған. Кітапханадан керекті кітаптарыңызды таба аласыз. Заманауи ғаламтор желісі қосылған компьютермен кітапхана жабдықталған. Жылы суымен суық суы қатар аққан, тамақ жасайтын орны бар, жанға жылу беретін  жатақханасыда ауыз толтырып айтарлықтай жағдайда. Осындай білім ордасында  оқып жатқан әрбір білімгер бақытты.  

         Бүгінде университет 7 факультетті қамтиды. Олар: гуманитарлық, жаратылыстану-техникалық, заң, физика-математика, қаржы-экономикалық, мәдениет және өнер, педагогика және психология. Әрбір факультет университеттімізге өзіне тиесілі жемісін жегіздіріп, университет тынысын одан сайын кеңейтуде. Белсенді білімгерлер санына шектеу қоя алмайсыз.  Себебі, олар күннен-күнге жанданып жігерленіп келе жатқан жаңа  толқын. «Мен мемлекеттен не аламын?» деп емес «мен мемлекетке не беремін?» деген қағиданы ұстанған санаттағы білімгерлер легі толысып келеді. Әрине, бұл білімгерлерінің жоғары қарай өрлеуіне үлес қосатын бірден-бер адам ол -оқытушы. «Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп, табуға үйретеді» деп Адольф Дистервер айтқан нақыл сөзіне аса мән беріп, осы қанатты сөзді өзінің өмірлік ұраны еткен көптеген оқытушының бар екенін байқамау мүмкін емес. Оқытушы – университеттің жаны, жүрегі екені сөзсіз.

  Қазіргі таңда университетіміз күннен-күнге қарыштап дамып келеді. Шет елдермен байланысты да орнатып, ақырындап жүріп биік шыңдыда бағындыра түсуде.

          Университет жайлы білгісі келетіндерге, оқу орнының қабырғасы қалаған сәттен бастап таныстыратын музейі де бар.

         Мен осы университеттің  ІІІ курс білімгерімін. Болашақ мамандығым журналистика саласы. Бала кездегі арманым арқырындап орындалып келе жатыр. Ел қиналғанда-демеу, қуанғанда –медеу бола білу керетігін, халық мүдесін емес, өз қара басын ойлайтын, тек ақша санауды білетіндердің  мінін түзеп,сын айтуды түсіндіріп, мені алға жетелей білген бірден-бір оқу орны осы. Білімгерлердің өз біліктерін дамыту жолындағы әрбір еңбекке ден қойып, ары қарай шыңдалуына жағдай жасалған телестудия және газет редакциясында тәжірибемізді іске асырып келеміз. Болашақ мамандар әртүрлі қырынан сынап көруге университет тарапынан қолайлы жағдай жасалған.

     Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университет ұлттық рухымыздың жаңғыруы үшін қолынан келетін барлық шараларды жасап жатыр. Әрбір адамның ел ертеңіне қосар өз үлесі болу керек. Өз үлесін қосу жолында жауапкершілікті сезіне білсе, ол адамның бекер өмір сүріп жатпағанының айғағы.  Ел мерейін үстем етуді кейінге қалдыруға болмайтын парыз екенін әрбір білімгер санасына құю жолында еңбек етіп жатқан жоғарғы оқу орын Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекетті университет екенін айтпаса да түсінікті.

 

 

 



Бөлісу: