Мақсатқа жетер ұлы бастау!

Мен Тілеуғали Айсәуле Манарбекқызы, 2000 жылы жаздың аптап ыстығында, 13 шілде де Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келдім. Кіндік қаным тамған жер Қызылорда болғанымен, мекен ететін жерім Алматы қаласы. Мен М.Базарбаев атындағы №138 гимназияның 9-шы сыныбын бітіріп 10-шы сыныпқа қадам бастым.

Өмірлік ұстанымым: "Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді" деген сөз, өмірімнің кілті, яғни арман атты асудың баспалдағына айналды. Менің жүрегіме жақын, өміріме үлкен септігін тигізген ол - менің ұстазым! Мен ол кісіні мақтанышпен пір тұтамын! Себебі ол кісі мен тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққанға дейін, білім нәрін бойыма жинақтайды.

Менің хоббиім ретінде бір тақырыпты қозғап, мақала жазғанды ұнатамын. Бос уақытымды осыған жұмсаймын. Болашақта журналист мамандығын таңдауды жоспарлап отырмын. Ал "Мақсатыңа массагетпен бірге жет!" жобасы, осы белесті бағындырудың алғашқы баспалдағы десем болады. Осы байқау ойды, тілді және ең басты құндылық - ұйымшылдықты дамытуға үлкен септігін тигізуде! Қатысушыларға ақ жол тілеймін!



Бөлісу: