Еңбек – бәрін жеңбек! (байқау)

Сəлеметсіздер ме, Массагет порталы, білсем, үйренсем деген өмірге құштар байқау қатысушылары?! Баршаңызға сәттілік! Мен Əділқызы Мерей, 1999 жылы желтоқсан айының 12-сінде дүниеге келдім. Алматы облысы, Талдықорған қаласындағы Ержан Берліқожаұлы атындағы №11 мектептің 9-сыныбын биыл бітірдім. 5-сынып пен 8-сынып аралығында Талдықорғандағы Балалар көркемсурет мектебінде оқыдым. Өзім бала кезімнен сурет салуды ұнататынмын. Қызығатын кəсібім болған соң сурет мектебін үздік бітірдім.

Менің өмірлік ұстанымым: Еңбек бəрін - жеңбек! Дұрыс мақсат қойып жалықпай еңбектенсең, ізденсең жетістікке қол жеткізесің. Барлық қиындықтарды тек сабырлы ақыл, тынымсыз еңбекпен ғана жеңуге болады. 

Хоббиім: сурет салу, велосипед тебу, тенис ойнау, қолөнер бұйымын жасау, тәтті тағамдар пісіру.

Бос уақытымда сурет саламын, кітап- журналдар оқимын. 

Жазғы демалысымды құр босқа өткізбей, пайдалы істерге жұмсап, қызықты əрі тартысты қылып өткізгім келді. Жəне бұл байқау маған осы ниетімді іске асыруға мүмкіндік берді.

Массагет порталында əртүрлі қызықты айдарлар бар, бірақ сурет өнеріне қатысты айдар жоқ. Сол себепті болашақта жас суретшілерге арналған айдар ашсаңыздар деймін. Жəне сурет байқауларын ұйымдастырып тұрсаңыздар жақсы болар еді.

Массагет порталына, байқау ұйымдастырушыларына алғысым шексіз! Бұл байқау бізді еңбекқорлыққа тəбиелейді.



Бөлісу: