Өзге емес, өзім айтам өз жайымды (байқау)

Сәлеметсіздерме? Қазақстандағы үздік порталдардың бірі Массагет «Мақсатыңа Массагетпен бірге жет» атты тамаша оқушылар арасындағы байқау ұйымдастырыпты. Меніңше тамаша бастама. Ойлана келе менде осы байқауға қатысып бақ сынағым келді. 

Мақсат деген не? Әрбір адам өмірде өз орнын табу үшін алдына үлкен мақсат қойып, сонымен алдыға ұмтылыс жасайды. Сынайды, сынақтан өтеді. Сабақ алады. Әлі жетіп өз – өзіне нық сенгендер алдынан белес – белес сынақ шықса дағы мақстатына жету жолында қасқайып тұрып қарсы алады. Менде алдыма бірнеше мақсат қойдым. Әрине, оған жеті жолында барымды саламын. Өзіме сенемін, және сенімділігімді ісіммен дәлелдеймін. Баймахан Арайлым Берікқызы. Жамбыл облысы Меркі ауданында 1999 жылдың көктемінде дүние есігін аштым.

Үш нәрсені ұмытпа: өзіңді құрметте, өзгелерді құрметте және өз жасаған әр іс-әрекетіңе жауап бере біл! (Помни о трех китах: уважай себя, уважай других и отвечай за свои поступки).

Өмірде тым қатты еліктейтін тұлғам жоқ. Сүйікті тұлғам бар ол анам. Себебі анам секілді аяулы жар, асыл ана білікті маман, ортама сыйлы болсам жеткілікті.

 

 

Құрбыларыммен серуендеу, кітап оқу, немес салат жемістерді сәндегенді өте қатты ұнатамын. Бос уақытымды көбіне тиімді пайдаланамын деп айта алмаймын. Жасыратын несі бар кейде жалқаулық деген жаман әдеттің жиі жеңетін кездері болады. Көбіне уақытым ғаламтор желісімен кетеді. Ал ғаламтор уақытша өшкенде біраз кітапқа үңілемін. Кітап оқығанды ұнатамын әсіресе жазушының досы немесе жары туралы жазған естеліктерін жақсы көремін. Кейде аздап қалам түртенім бар.


Мен МАССАГЕТ порталының тұрақты оқырманымын. Ылғи осы жерден керекті мәліметтерімді алып отырамын. Бұл байқау маған өзімді сынауға үлкен мүмкіндік болып тұрды. Әрі болашақтада алдыма үлкен мақсаттар қойғанмын, бұл байқау менің сол мақстаттарыма жетудің алғашқы баспалдақтары болатын секілді.


МАССАГЕТшілердің ұйымдастырған әр байқауы мен үшін қызықты, әсерлі. Керемет бастама, әрбір жасөсірімді мақста қойып соны уақытылы орындап, жетістікке жетуіне көмектеседі деп сенемін. Әрі қатысушылар үшін де қызықты. Бастысы мәнді – мағыналы.

(Кешірерсіздер, бұл сатыны өзім қосуды жөн санадым.) Өз Отанымды сүйемін! Бірақта әр мемлекетті саяхаттап, мәдениетімен танысу жат қылық емес деп ойлаймын. Болашақта АҚШ қа табан тірегім келеді. Тек саяхаттап қана қоймай жылға жуық уақыт сонда қалып көрсем деймін. Дәл осындай жерінде тұрғым келеді.



Бөлісу: