Туған жерге тағызым

Туған жер-тұғырың» деп бекер айтпаған. Адам баласына анасындай жақын, жанашыр, жылы туған жерден артық ардақты меншігі жоқ шығар сірә. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. Себебі туған жер адамның ортақ сағынышы, жаныңның жартысы іспетті.  

 Алысқа жолға шықсақ оралардағы ең бірінші ойымызбен, жүрегіміз осы туған жерге бұрып тұрады. Себебі ол тарихтың туындысы, ата-бабаның көзі, батырлықпен, ержүректіліктің куәсі. Туған жер бізге сыр шертіп, қайғы-қуанышымызбен бөлісіп, өткен күннің естілегімен, бүгінгінің қуанышын, кейінгінің үмітін еске салып тұратындай. Бізге ел үшін, егемендік үшін, біз үшін күрескен сонау батырлармен, батылдардың көзіміз. Олар біздің тірі болып, бар болып, бақытты болуымыз үшін, ғұмыр кешуіміз үшін, өткенді жалғауымыз үшін, осынау байтақ даланы, туған жерімізді, тау-тасымызды сақтауымыз үшін өз жанын қиып, қанын туған жер үшін төкті. Біз оларды қазақ елі бар кезде, тірі кезде, аман кезде бір сәтке болсын жадымыздан шығарып, ұмыт қалдырмаймыз! Сонау ел іргесін қалаған асыл ерлеріміз, алғашқы хандарымыз Керей мен Жәнібек, Бұрындық пен Қасым, Хақназар, Есім, Жәңгір, Туекел, Тәуке, Абылай хан, Қабанбай Бөгенбай батырлар, бүкіл Алаштықтар тағыда басқалары, ардақты батыр аналарымыздың темірдей шыдамымен, миірімділігімен, батылдығымен жасалған туған жерге деген адалдығы, махаббаты, тағызымы, ендігі бізге үлгі, бізге міндет! 

Қасиетті де киелі, тарихтың тамыры, бар екеніңнің дәлелі, бұрыннан өшпей, санада әбден сайраған туған жерді ұмыту-өзіңе, ұлтыңа, тіпті Отаныңа жасаған қиянат.  

Осыншалықты қымбат, бағалы байлықтың мәні мен бағасын түсінбей жатқан бейбақтар қаншама. Өте өкінішті. Өз тамырын сыламайтын, тілін, ділін құрметтейтін жастан, ересектен не күтесің, бұл өзгені қойып өзіңе жасаған құрметсіздік. Дегенмен қоғамда, туған жерді тастауға асығатын, қара басын ғана ойлайтын, ата бабаның титтейде нышаны байқалмайтын адамдарда жоқ емес. Одар туған жердің мәнін ешқашанда түсіне алмас.  

Қазіргі заманда XXI ғасырда біз жастар туған жерге тағызымды білім арқылы жасаймыз. Қандай жақсы болмасын, туғаныңа бергендей туған жерге салу керек. Сонда ел көркиеді, өлке дамиды. Шет елге оқуға кетіп, сол жақта қалып қалмай елді аяғына тұрғызу бәрімізге парыз. Мұны біз жасамасақ, мен жасамасам, басқа ешкім жасамайды! Бәрі өз қолымызда өр рухты жастар! 



Бөлісу: