Күншіл мен қызғаншақтың 10 айырмасы

Күншіл мен қызғаншақтың 10 айырмасы
Фото: massaget.kz

Адам бойындағы жағымсыз мінездердің бірі – қызғаныш. Мұның ең төменгі, ешкімге залалсызы − қызығу болса, ал ең асқынған түрі - күншілдік. Ол – іштарлық пен көре алмаушылықтың қосындысынан тұрады. Көрнекті ғалым, жазушы Немат Келімбетов "қызғаншақ адам өзінің қолында бар нәрсені қызғанады, ал күншіл адам өзгенің қолындағыны да қызғанады" деп ой түйеді «күншілдік» туралы сұхбат-диалогында. Олай болса күншіл және қызғаншақ адамдар туралы ойларды ортаға салғанды жөн көріп отырмыз. 

 
О. Сансызбай