Нұрсұлтан Назарбаев "Барыс" клубының жаңа аренасын ашады

9 тамызда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Барыс" хоккей клубының жаңа аренасының ашылу рәсіміне қатысады, - деп хабарлайды Vesti.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, дәл осы күні хоккейден ҚР Президенті Кубогының турнирі басталады. Турнирге "Барыстан" бөлек Ресейдің бірқатар клубтары - Новокузнецк қаласынан "Металлург", Ханты-Мансийсктен "Югра" және владивостоктық "Адмирал" қатысады. Матчтардың жаңа аренада немесе бұрынғы стадионда өтетіндігі әзірше белгісіз. Кездесулер кестесімен мына жерден таныса аласыздар.