Әлемді таңғалдырған тарихи - жеңіс.

Әлемді таңғалдырған тарихи - жеңіс.
жеке
блог

Қазақстан құрмасы күні кеше, өз аланыңда, Дания құрамасын қабылдап, ел құрамасы ауадай керек жеңіске қол жеткізді Слованиямен ойында кеткен есемізді, осы ойында алып, 28мың жанкүйердің қуанышын көкке көтерді. Еліміздің тарихында үздік 20лыққа кіретін команданы бірінші рет ұтып тұрмыз.

Ойынға көз тастар болсақ, бірінші тайм көңілімізден шыққан ойын болған жоқ. Әртүрлі қателіктер кездесіп, жігіттеріміз құдды өздері қонаққа барғандай болды. Хойлундтың 1-2 голы ақымақтау гол болды. 1 голға Малыйдың қатегі болса, ал 2 голға бір Дамсгорды жабалмаған 4 адам кінәлі.

Екінші тайм Адиевтің дұрыс ауысым жасауы себеп, Малыйды алып тастап, онык орнына Ерлановты шығаруы дұрыс шешім болғандай, себебі Хойлундтың дыбысын шығармады. Соңғы 20 минутқа көшбасшы Бауыржан Исламханды дайындап отырды. Ол шығып ортадағы ойынның тынысы ашылды. Қайта-қайта шабуылдың арқасында Даниялықтар өз қақпасының алдыңда, қолмен ойнап, пенальти белгіленді. Допқа келген Зайнудинов, өз мүмкінгінен мүлт кетпей, допты бір жаққа, пенальти тосқыш Шмейхельді бір жаққа сұлата салды. Есеп 1-2,жігіттеріміз бұлай ұтылуды көздеген жоқ, соңына дейін ойнап жеңісті қалады. Соңғы минутта Тағыбергеннің пушкасы алынбай тұрған Шмейхельдің қақпасын тесіп берді. Бұндай голға басқа елдер тұрмақ, өзімізде таңдай қағып қалдық. Бұдан соң Даниялықтар асып-сасып өз ойының құртып алғаныңа сенбей, шабуылдарын үдете түсті. Бірақ ең қызығы бесінші голды Дания емес, Қазақстан салып айды-аспаннан бір-ақ шығарды. Еліміз бұндай камбэкті қуанышпен қабыл алды.

Ойынан кейін Дания ойыншылары ақталу үшін, аланның сапасын, жасанды алаңда ойнау бізге қиын болды. Бірақ біздегі ауа райы, жасанды алаңда ойнауға ғана, одан соң бұл қала, суық қала екенің біледі. Бұл жерде тек Дания емес, Франция, Украина, сынды мықты ұжымдар келіп кеткен. Олар өз ойының соныңа дейін, ойнап кетсе Даниялықтар өз ойынның жіберіп алды.

Жеңіс қолда келесі екі ойын түзде, 17-18 маусым, түнгі 0:45 те сырт алаңда Сан-Марино командасымен ойын өткізсе, 20-21 қараған түні Солтүстік Ирландияға қонаққа барады. Осы екі командадан ұпай алуға тырысу керек. Ал біз жеңісті әзірге тойлай тұрайық.