Өтеді өмір осылай

Өтеді өмір осылай
Фото: Думан Қасымов

Кейде бар күш-жігерімізді жұмысқа арнап, үйде бізді сағына күтіп отырған жақындарымыздың бар екенін ұмытып кетеміз. Жүрегімізде, жадымызда жүрген адамдар үшін әрдайым уақыт тапқанымыз жөн. Өйткені біз мәңгілік өмір сүрмейміз. Күндердің күнінде басқа әлемге кетеміз. Сол кезде жоқтығымызды қызметтестер он шақты күн байқайтын шығар, ал бізді жақсы көретін жандар үнемі жадында ұстайды.

Әкесі жұмыстан шаршап келген еді, баласы алдынан жүгіріп шығып, мойнына асылды. Бетінен құшырлана сүйген соң:

- Әке, сізге бір сұрақ қойсам бола ма? - деп сұрады.

- Әрине, айта ғой?

- Әке, сіз сағатына қанша теңге аласыз?

- Бұл сенің шаруаң емес. Менің ақшамда не жұмысың бар? - деп әкесі баласының бетін қайтарды.

- Түүү, әке айтыңызшы. Сағатына қанша аласыз?

- Былайынша 1000 теңге аламын. Жәй сұрадың ба?

- Әке, маған 300 теңге бере тұрасыз ба?

- Сонда сен мұның бәрін өзіңе ақша алу үшін сұрадың ба? Бөлмеңе бар да, жат! Жұмыстан шаршап келемін. Сен болсаң, ақылға сыймайтын сұрақтар қоясың.

Бала үнсіз ғана бөлмесіне кірді де, есікті жауып алды. Әкесі ашуланып тұра берді. «Менің жалақым туралы сұрап, ақша талап ететін кім еді?! Мені туып алғандай болады ғой» сынды ауыр сөздер айтты. Арада біраз уақыт өткен соң өз-өзіне келе бастады. «Балама ақша қатты керек болған шығар. Неге бұлай жасадым? Ол ешуақытта менен ақша сұрап көрген жоқ қой» деп ойлады. Баласының қасына барған еді, төсегінде жатыр екен.

- Балам, сен ұйықтап жатырсың ба?

- Жоқ, әке. Ояумын, - деді.

- Мен саған жөнсіз ұрыстым. Жұмыста қатты шаршағандықтан, бар ашуымды сенен алдым. Кешір мені. Міне, сұраған ақшаңды ала ғой, - деді. Баласы бұл сөздерді естіп, қатты қуанды.

- Әкетайым сол, рақмет, - деп шын көңілден алғыс айтты.

Әкесінің бетінен сүйіп, мойнына асылды. Кейін жастықтың астынан ақша алып шықты. Әкесі мұны көріп тағы ашуға мінді. Ал бала барлық ақшаны біріктіріп, санады.

- Сенің ақшаң бар екен. Неге сұрадың?

- Маған бұл жеткіліксіз еді. Енді дұрыс болды. Әке, мына жерде 1000 теңге бар. Мен сіздің 1 сағатыңызды сатып алсам бола ма? Ертең жұмыстан ертерек келіңізші. Сіздің бізбен бірге отырып, тамақ ішкеніңізді қалаймын, - деді.

Әкесі баласының сөздерін естіген соң қатты ұялды. 

Өмірдің қас-қағым сәтте өтіп кететінін төмендегі видеодан да көруге болады. 

Ал сіз жақындарыңызға уақыт бөлесіз бе?

Қ. Бүйенбай