«Түркия Республикасындағы білім беру жүйесі» онлайн кездесу.

«Түркия Республикасындағы білім беру жүйесі»  онлайн кездесу.
жеке
блог

Түркия мемлекетімен мемлекетаралық кең көлемді қатынас орнату-Қазақстанның халықаралық қатынастар саласындағы басты міндеттерінің бірегейі. Бұл екі мемлекетті жақындастыратын басты фактор - екі халықтың түбі бір туыстығы, өткен тарихының ортақтығы, этнолингвистикалық жақындығы, геосаяси және экономикалық алғышарттарының бірлікті бастаулары болып табылады. Екі ел арасындағы байланыстарға сараптама жасасақ түбі бір түркі халықтарын байланыстыратын да табыстыратын да ортақ мәселелер көп, соның бірі ғылыми және білім беру жүйесіндегі байланыс пен ынтымақтық болып табылады.  Еуразия кеңіс­тігін ен жайлаған, әлемдік өркениеттің, жалпы адамзат тарихының дамуына зор үлес қосқан түркі әлемі үшін тағылымы мол, тағдырлы оқиға болды. Түркі халықтарының қара шаңырағы - қазақ халқының, елордасы Нұр-Сұлтан қаласында құрылған Түркі академиясы бүгінде күллі түркі әлемін зерттейтін арнайы орталыққа айналды. Сонымен қатар бүгінде түркі халықтардың оқу-ағарту жүйесін үйлестіретін  жұмыстар да атқарылуда. Сонымен қатар  екі ел арасындағы жоғарғы оқу орындарындағы жастарға білім беру жүйесіндегі ынтымақтастық пен келісім шарттар аясында мәселелер төңірегінде Біздің қонағымыз профессор доктор Нұр Четин әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бүгінде Түркияның көптеген жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісім жасаған. Осы негізде магистрант, докторанттарға екі ел тарапынан профессор оқытушылардың жетекшілік ету тәжірибесі кеңінен өрістеп отыр. Бір ғылыми жетекші Қазақстаннан болса, екіншісі – Түркиядағы жоғарғы оқу орнының белгілі ғалымы болып табылады. Сонымен қатар жыл сайын студенттер, магистранттар және докторанттардың  ғылыми тағлымнамадан  өту шаралары да іске асырылған. Түркияның алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарымен қос дипломды бағдарлама бойынша жұмыс жасау мүмкіндігі қарастырылған. Мәселен, магистратурада білім алушылар оқудың бір жылын Қазақстанда, бір жылын шет елдік университетте оқып, екі оқу орнынан да диплом алу мүмкіндігі жасалған. Осындай алдыңғы қатарлы университетте білім алып отырған сіздер бақыттысыздар деп айтты. Мемлекет тарапынан жастардың  білім алуына, олардың жан-жақты дамуына, өзін-өзі кемелдендіруіне қажетті жағдайдың бәрі жасалғандығын айта келе Қазақстандағы білім беру жүйесі мен Түркиядағы білім беру жүйесінің сапасы мен ұтымды тұстарына тоқталып өтті.
Студенттер өздерінің көкейінде жүрген магистратура, докторантура бойынша сұрақтарын қойып, Түркиядағы жоғарғы оқу орнындағы білім беру жүйесі және оның ерекшеліктері туралы мәселелер төңірегінде толымды мәліметтер алды. Іс-шара барысында Нұр Четин студенттерге жақсы тілектерін айтып, оларды білім  мен ғылымда  озат болып, үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілегін білдірді. Кездесу соңында студенттер алғысын білдіріп, жыр шумақтарын арнады. Екі мемлекетті жақындастыратын  ең басты  екі халықтың түбі бір туыстығы, өткен тарихының ортақтығы, геосаяси, экономикалық алғы шарттарының бірлікті бастауларында.
 
                                                                                әл-Фараби атындағы ҚазҰУі Қазақстан тарихы
                                                   кафедрасының доценті , т.ғ.к., Қозғамбаева Гүлнар Бестібайқызы