ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ОРНАТУДАҒЫ «БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ» ПӘНІНІҢ МАҢЫЗЫ

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-дың есігін айқара ашып, профессор, аға-оқытушылардан білім алуға,  Алматы қаласы бойынша, асыра айтсақ та Қазақстан бойынша беделі жоғары, өзіндік имиджі қалыптасқан университетте оқуға әркімнің-ақ бар таласы. Университет білім беру дәрежесінің жоғары болуымен қатар, студенттерге қолайлы жағдай жасау үшін біршама жұмыстар жүргізіліп жатқаны даусыз. Оның дәлелі ретінде «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы, «Көмек қоғамдық қоры», «Студенттік кеңес» «Сенат» ұйымы деген сияқты өзін-өзі басқару ұйымдарын атауға болады. Аталған ұйымдардың арқасында студенттер жеке тұлға ретінде өзін дамытуға, қоғамның белсенді мүшесі болуға, өзіндік «менін» қалыптастыруға мүмкіндік алды. Ұйымдағы студенттердің қатысуымен атқарылған іс-шараларға қарап, оны ұйымдастырған жастар екендігіне сену қиын. «Ана тілі аруы», «Жігіт сұлтаны», «Көңілді тапқырлар алаңы» секілді ауқымды шаралардың барлығын ұйымдастырып жатқан өзіміздің университеттің студенттері.

Биылғы жылы Білім және Ғылым министрлігі Асхат Аймағамбетов студенттерге көп жеңілдік ұйымдастырып берді. Басқасын қойғанда, «Еркін микрафон» форматында студенттер өз сұрақтарын еркін қоя алу мүмкіндігін пайдалану білім алушы мамандардың саяси құқықтық мәдениетін дамытады. «Еркін микрофон» форматында студенттер өз сұрақтарын ашық қойып, ойлары мен ұсыныстарын ортаға салады. Соның негізінде құрылымдылық бөлімдерге тиісті тапсырмалар беріледі. 

Еліміздегі пандемиялық ахуалға байланысты екі жыл тойланбағанын есептемегенде, Наурыз мерекесі әр жыл сайын өз деңгейінде университет қабырғасында тойланып жүр. Биылғы жылы ерекше форматта тойланған наурыз мерекесі студент білім алушылардың да көңілін көтеріп қана қоймай, Алматы қаласы студенттерінің басқа да студенттерін қонақжайлықпен қарсы алды.

Университет – үлкен мектеп. Мектепті жаңа аяқтап, университет қабырғасын аттаған студент пен осы оқу орнын бітіріп жатқан білім алушының арасы жер мен көктей. Оқушы кезде коммуникациялық деңгейіміз мектеп пен отбасы деңгейінен әрі аса алмаса, университет қабырғасында жүріп өзімізді жан-жақты шыңдай отырып, тұлға ретінде қалыптастыра алдық деп сеніммен айта аламыз. Жоғарыда атап өткен іс-шаралар мен өзін-өзі басқару ұйымдары әр студенттің коммуникациялық деңгейін шыңдауға үлес қосты. Іскерлік қатынасты қалай орнату керек, оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас қалай құрылады, студенттер өз арасында қалай коммуникацияға түседі, қоғаммен қалай байланыс орнатамыз деген сұрақтардың барлығының шешімін осы университет қабырғасында жүріп таба алдық.

Бакалаврда оқып жүргенде мамандығымызға тікелей қатысты пәндерді меңгерсек, магистратурада ол пәндерден бөлек бізді өзімізді басқаруға,сонымен қатар өзгелерді басқаруға үйрететін пән «Басқару психологиясы» пәні қосылды. Білім алушыға тек теориялық білім беріп қана қоймай, алған білімді өмірде қолдануға үйрететін осы пәнге магистранттардың ықыласы ерекше. Қазақстан ғалымдарының еңбегінен бөлек, шет ел ғалымдарының еңбегінен де ізденіп, білімімізді толықтыру үстіндеміз. Пән оқытушысы психология ғылымдарының кандидаты, профессор Н.С.Жұбаназарова әр семинар сабағында магистранттарды теориялық тұрғыда сараптама жасауға, сонымен қатар оны өмірде қолдануға үйретеді. Бакалаврдан бастап жұмыс істеп, қоғаммен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан, біз үшін ең маңызды пәндердің бірі осы пән болды деп ауыз толтырып айта аламын. Әсіресе, іскерлік қатынас, басшының қызметкерлермен қатынасы, әріптестер арасындағы қатынас, эмоцияны басқару, ұйымдағы өзгерістер, басшы мен лидер арасындағы айырма, басшыға тән қасиеттер, басшы мен компания имиджі, ұйымдағы қайшылықтарды басқару, ұйымдағы өзгерістер және тағы басқа өмірде қажет болатын маңызды тақырыптар магистранттарды болашақ маман ретінде шыңдауға үлесін қосып жатыр. Біз үшін де ең қызық тақырыптар болып есептеледі.Соның ішінде имидж тақырыбын өткенде өзіміз оқып жатқан университеттің имиджі көз алдымызға келді.

«Жетістікке жеткен тұлғалардың көбісі жоғары оқу орнын аяқтамаған», «Университет бізге не береді?» деген кейбір адамдардың миында қалыптасып қалған  таптаурындар мен сұрақтарға жауабымыз осы пән арқылы қалыптасты. Қазіргі заман талабы басқа және білім мен ақпарат күн сайын жаңару үстінде. Бүгін алған білім ертең жарамсыз болуы мүмкін. Жоғары оқу орны студентке теориялық білім берумен шектелмейді. Ауылдағы жоғарыда аталған таптаурынмен өмір сүретін таныстарыма осы нәрсені айтудан шаршамаймыз. Университет бізге өз бетіңмен ізденуді, кез келген қиындыққа қарсы тұруды, бәсекеге қабілетті болуды, қоғаммен дұрыс байланыс орнатуды үйретті және ең бастысы бойымызға рухани құндылықтарды сіңірді. Университетімізде өтілген әр пән бізді өмірге тәрбиелейді және бұл мектептен ең үлкен айырмасы! Мектепте теориялық біліммен шектелген, үйінен екі адым аса алмаған бала университет қабырғасын аттағалы өмір мектебіне қадам басады.Біз әрқашан да өз университетімізді, өз ұстаздарымызды мақтан тұтамыз!

 

Жубаназарова Н.С.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

психология ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.

Құдайбергенова С.К.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

психология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.

Абделдаева А., Бегалиева А.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1-курс магистрантары

 

 

        

                                     

 

 

 

 

 

 



Бөлісу: