Таңғажайып балалар

Әр бала өзінше дарынды. Олардың бойындағы туа біткен дарындылық ерте ме, кеш пе, әйтеуір, түбінде жарып шықпақ. Баласының бойынан ерекше қабілетті байқаған ата-ана оның бүкіл өміріне әсер етеді. Баланың қоғамға тез сіңісуін жеңілдетеді. Өмірде өз орнын табуға жетелейді. Асар асуы мен шығар тауын көрсетеді. Жеткен жетістігі мен ерен еңбегі көп болады. Төменде біз сіздерге бесіктен белі шықпай жатып жұрт назарына іліккен ерекше дарынды балақайлардың өнерлерін ұсынып отырмыз.