«Серке» газетінің өзгелерден ерекшелігі

«Серке» газетінің өзгелерден ерекшелігі
жеке
блог

«Серке» газетінің өзгелерден ерекшелігі

Газет - тек ақпарат жеткізудің көзі ғана емес, ол өзі жеткізіп отырған акпаратына калың окырманды тарбиелеу арқылы дұрыс бағдар береді. Қазақ журналистикасының тарихында көптеген газет-журналдар бар. Ендігі кезекте, ғұмыры аз болса да, өзіндік орны бар - «Серке» газетінің ерекшеліктеріне тоқталайын.
Ресейде болған бірінші революция екпінімен шыққан баспасөздің бірі саналатын «Серке» газеті - 1905-1907 жылдары «Улфат» газетінің 67 санына қосымша ретінде шығып, Петерборда жарық көрген. Мемлекеттік думаның депутаты, мұсылмандар партиясының жетекшілерінің бірі – Шаһмардан Қосшығұлов басшылығымен, Әбдірашид Ибраимов редакторлығымен қадағалауда болған.
Газеттің басты мақсаты – білім сапасын көтеріп, діни мағлұматтарды кеңірек тарату болып саналған. Басылым саны 1 ғана дана болғанымен, өзіндік демократиялық бағытын толық орындап шықты. Яғни, демократиялық бағыты – патша үкіметіне көптің көкейіндегі қыжылды көрсету.
Газеттің үкіметке қарсы “үгіттеу” бар болғандықтан жабылғаны барлығымызға аян. “Қазақ халқын үкіметке үгіттеу бар” деп айыпталған Міржақыптың “Жастарға”, “Біздің мақсатымыз” мақалаларын да атап айтпасақ болмайды. Дулатовтың “Серкеден” бастау алған журналистік қызметі “Қазақта” жалғасын табады. Олай десек, бұл басылым мен “Қазақ” газеті арасында тығыз байланыс бар екендігіне көз жеткіземіз.
«Серке» газетінің қазақтың көп жылдық ой арманын, мақсатын 1 дана арқылы көптің жүрегіне дөп басып жеткізуі – нағыз атап айтар ерекшелігі.
Мақаланы Дулатовтың бір шумақ өлеңімен тәмамдағым келеді:
“Газет-журнал оқысаң, көзіңді, қазақ, ашасың,
Дүние халін білмесең, ілгері қалай басасың?
…Білгіштердің соңынан шұбырып біз де ерелік.
Газеттің сөзі – ертегі, ерігіп жазған демелік.”

Ерланқызы Асемай
Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университеті
1 курс