Тілеуке Құлекеұлы дін туралы  

    Тілеуке Құлекеұлы дін туралы  
жеке
блог

                                                                              Ділтай Жанерке Әл-Фараби атындағы Қазақ

                                                                                    Ұлттық Университетінің  www.kaznu.kz

                                                                                  Дінтану мамандығының 2-курс студенті.

                                                                               Жетекшісі ҚазҰУ,аға оқытушысы Тунгатова У.А.

 

 

                            Тілеуке Құлекеұлы дін туралы       

                                          

           Шал Ақын, Тілеуке Құлекеұлы (1748-1819) халық ақыны, Абылай ханның замандасы. Тiлеуке Құлекеұлы қазiргi Ақмола облысы Азат темiр жол станциясының маңында дүниеге келген. Шал ақынның әкесi Құлеке батыр Тәңiрбердiұлы қазақ-қалмақ соғысының атақты батырларының бiрi.Шал ақын қазақтың төкпе ақындарыныі бірі арғын тайпасы атығай руы Бәйімбет бөлімінен шыққан.Әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі болған. Шалдың өлең, жырларынан өз дәуірінің өмір көріністері айқын аңғарылады. Бұлардың бәрінде дерлік жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, ынсап пен тойымсыздық, ақылдылық пен аңғалдық, ізгілік пен надандық, байлық пен кедейлік тәрізді кереғар жайттар кең қамтылып сөз болады («Ата-ананың кадірін», «Жігіт туралы», «Жігіттің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» тағы басқа). Шалдың енді бір алуан жырларында жас пен кәрі сипаттарынан тыс, моралдық, этикалық қатынастарда ұтымды бейнеленеді («Кәрілік туралы», «Жастықты көксегені», «Он бес деген жасым-ай», «Елу ердің жасы екен», «Жаманға дәулет бітсе ауа айналар», «Екі арыстан жабылса дәуді өлтірер», «Айтайын бір аз кеңес» тағы басқа)- Шал кезінде ел өмірінде елеулі орын алған айтыс-кағыстарға қатысып отырған. Бұлардан оның ұшқыр киялды тапқырлығы мен от ауызды, орақ тілді алғырлығы да мол көрінеді («Шал мен қыз», «Бәйбіше мен Шал», «Шал мен жігіт», «Шал мен келіншектер» тағы басқа). Бір топ жырлары «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (1962 ж.), «Үш ғасыр жырлайды» (1965 ж.), «Алдаспан» (1971 ж.), «ХV-ХVII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982 ж.), «Бесғасыржырлайды»(1984ж.)жинақтарынаенді.
     Шал ақын ислам туралы өмір мен өлім жайлы кеңірек қозғаған.Ақынның мына бір өлеңі...

«Сексенде тұяғыңды серіппейсің,

Селт етіп ешнәрсеге елікпейсің.

Тоқсанда тотықсыған сен қорғасын,

Май құйып қорытқанмен бірікпейсің.

Келеді тоқсан тоғыз, тағы да жүз,

  Ер бар ма жүзге келген, -адамның бұл өмірде тек қонақ екенінн адамдар өлді кетті бұл дүниеде жасаған тыңдырған бір жұмысы жоқ деп жырлайды. Адам өлді.Өйткені жарық дүние – фәни, өткінші; өмірден көрген қызығымыз аз күндік қана, оған алданбауға тиіспіз-дейді

«Өлімнен құтылмассың қашсаңдағы,

Атадан арыстан туып ассаңдағы,

Алладан шыныменен жарлық келсе,

Жұлдыз да жерге түсер аспандағы.

Жігіттер, ғибадат қыл маған нансаң,

Намаз оқы алланы ойыңа алсаң.»

«Жігіттер, жас кезіңде тәубаға кел,

Ажал деген көзді ашып жұмғандай-ақ».

     Шал ақын сопы болмаған,дегенмен дінге деген көзқарасы ерекше болған.Өмірінің  соңыра қарай дін туралы біршама еңбектерін қалдырған. Шал – мұсылман.Ол үшін құдай бір, пайғамбар хақ; «Лә илләһи илә-аллаһ - иманымыз .Құран шын, алланың құдіретінде шек жоқ.

«Жартты Мәкка менен Мәдинаны,

Жартты иман, дұға, шын дүнияны

Мұхамед үшбу жүрген үмметіне

Жаратты сынамаққа бұ дүнияны.

Жаратып он сегіз мың ғалам етті,

Бірісін ғалым, бірісін надан етті,

Жаратып жын-періні от пен нудан,

Жаратып топырақтан адам етті»,-

дейді ақын.

Құдай бізді жаратты, табиғат пен жын –періні жаратты,не нәрс болмасын бәрі бір құдайдың қолында.

«Адам баласы алланың добы деген,

Қайда айдаса сол жаққа домалайды».

  Алайда қазақта мұны түсінуші аз.Қазіргі уақытта адамдар көп нәрсеге мән берми ұмытып кетеді.Құдайды ұмыт қалдырады,ораза ұстамайды,бес уақыт намаз оқымайды.Сондықтан бірде қымыз ішіп қызара бөртіп желігіп отырған жұрт: «Сіз біздей надан емессіз, естуімізге қарағанда сіздің сөзіңіз кітап сөзіне жақын көрінеді, қандай адам бейішке барады?» - деп сұрағанда Шал: құранның айтуы рас болса, бұл отырғандардан жұмаққа енер бір жан жоқ деген жауап береді.Сондықтан да ақын:

«Жігіттер ораза ұста, намаз оқы

Ғарасат майданы бар тергеледі», -деп, шариғат жолын ұстанбаған жанды о дүниенің азабы күтіп тұрғанын ескертеді; керісінше, құдай жолымен жүрген адамға әзірленген бейіш, мәңгілік рахат бар.

«Құранда уассамаһи дастан болар,

Бірталай сөйлей берген астам болар,

Аллаға құлшылығы жаққан құлға

Есігі сегіз жұмақ бостан болар».

Ал Шалдың өзі бес уақыт намазын қаза жібермей, Ислам дінінің қағидаларын берік ұстанған адам болса керек.

    Қорытындылай келе, Шал ақынның мұрасы қазіргі уақытқа дейін жалғасыну тауып келеді. Үш ғасырлық отарланған дәуірімізде езіліп-жаншылып қалған ұлттық санамызды көтеріп, асқақ қалпына келтіру үшін не істеуіміз керек? Әрине, төл тарихымыздағы өнеге боларлық, мақтан тұтарлық тұлғаларымызды жан-жақты зерттеп, бүгінгі ұрпақ санасына терең сіңіру қажет деп ойлаймын.  Сондай бірегей тұлғалардың бірі ХУІІІ-ХІХ ғасырларда өмір сүрген Шал ақын екендігіне, оны зерделей отырып түсіндім. Ол сүйініші мен күйініші қатар өрбитін жалпақ дүниенің күрделі құбылысын тереңнен байыптай білген ойшыл. Оның өмірдің өтпелілігін, фәни дүниедегі жақсылық пен жамандық, әділеттілік туралы, әйел ана , жақсы жар,тәрбиелі қыз тұрғысында жалпы адам тағдыры туралы толғаныстары біздің рухани мұрамызға қосылған бай дүние деп есептеймін.