ДІН ҰСТАНУ ЖЫНДЫЛЫҚ ПА?
жеке
блог

ДІН ҰСТАНУ ЖЫНДЫЛЫҚ ПА?

Бүгінгі таңда елімізде діни түсінпеушіліктің болып жатырғаны бізге мəлім, соның салдарынан əке баладан, бала ата – анадан бет бұрып, ерлі зайыптылардың арасына сызат түсіп жатырғаны жасырын емес. Бұл қазақ қоғамына қиыншылық алып келіп жатырған дін мəселесін, біздер исламға күйе жағып, дінді айыптаумен құтылғымыз келеді. Ия əлеуметтік желіге көз жүгіртсек экстермистік əрекеттерді тудырып жатырған, мектепті басып алып жатырған содырларды байқаймыз. Бірақ иегінде сақалы, басында орамлы бар мұсылманға сол айыпты таға беру дұрыс емес деп ойлаймын. Себебі бұл алауыздық тек ислам дінін ұстанып жүрген мұсылмандардан ғана емес, христиан ж.т.б діни радикалды топтардың əсері екені белгілі. Бұлай айтып отырғнымның себебі бір күні мешітте отырғанымда егде жастағы апа шағымын айтып көз жанары жасқа толып келді, жанын күйзелткен нəрсе қызы христиан дінінің белгісіз радикалды тобына кіріп, анасымен байланысы үзген. Бұл қоғамда болып жатырған діни проблемалардың бірегйі.            

Ислам кемел дін. Алла елшісі صلى الله عليه وسلم адамзатқа мейірімділікпен, сүйіспеншіліктің шуағын жарқыратып келген. Пайғамбарымыз صلى الله عليه وسلم хадистерінің бірінде «мен көркем мінездің кереметтілігін толықтырып жеткізу үшін жіберілдім» - дейді. Яғни негізі діни түсінпеушіліктің басы ислам дінінде емес, кей радикал топтардың халық арасына іріткі салуы болып табылады. Шəкəрəім атамыз өзінің бір сөзінде «Таза ақылмен таппаған дін, шын дін емес жындылық» - деп айтып кеткен. Біз өзімізді оссы 21 ғасырда ең дамыған, ең жүйрік, ең озық техникалармен жабдықталған адамдар санатына жатқызамыз. Бірақ дін мəселесіне келгенде интернеттен немесе дүмше млодалардан көңілімізге жаққан нəрсені үйреніп қоя салатынымыз бар. Бұл діни сауатсықдық, дінге салғырт қарау. Кейіннен ұрпаққ бұзылса дінге оп-оңай жаба саламыз.

 

 

 

Пайдаланылған əдебиеттер: Таңдаулы хадистер жинағы 6 бет Kazislam.kz сайты




Жұлдызды блогтар