Мамандығымды жақсы көруімнің себептері
жеке
блог

Мамандығымды жақсы көруімнің себептері

Мен қазіргі уақытта әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 3-курс студентімін. Шығыстану факультетінде, қытай филологиясы мамандығын меңгеріп жатырмын. Қытай тілі дегенде барлығының таңғаларлығы анық. Алғаш оқуға осы мамандыққа түскенімді естігенде, өзім де бірақ уақыт бойы таңғалғаным рас. Алайда, қазіргі таңда бар қорқынышым мен үрейім басылды десем болады. Оған себеп дүниелер аз емес.

Біріншіден, өзімнің түскен факультетімді себеп дер едім. Мен өзімнің факультетімді жақсы көремін. ҚазҰУ-ға түсіп, өзім ешқашан естімеген факультетті көргенде алғашында мұңайып қалдым. Бірақ, бұл факультеттің атмосферасы мен адамдары мүлдем басқа әрі ерекше. Өзімізден жоғары курс оқитын студенттер бізді өте жылы қарсы алып, өздерінің кеңестерін айтып жатты. Тілді дұрыс меңгеру үшін не істеу қажеттігін, студенттік жылдарымызды қалай қызықты етіп өткізуімізге болатынын көрсетті. Олардың арқасында студенттік өмірімнің бірінші жылдары жаңа таныстықтарға және керемет естеліктерге толы болды. 

Қытай тілі - әлемдегі үйренуге арналған ең қиын тілдердің бірі екенін бәрі білетін шығар. Бұл тіл менің мамандығым болады деген ой бұрындары ешқашан келмепті. Иә, оқу орнын көре сала, қытай тілін ендігі меңгеріп жүрген студенттерден бара сала, "үйрену қиын ба?" деп сұрадым. Олардың жауабы, әрине, "иә" болды. Бұл сөз бойымда үрей тудырғаны рас. Бірақ, адамның арманы мен мақсатын іске асыратын - еңбек. Сондықтан талмай оқып қана, өз ойымды іске асыратынымды түсіндім. Қазіргі таңда, мұғалімдерімнің арқасында көптеген прогресстер мен дамуларға жетіп жатырмын. 

Жалпы, менің мамандығым туралы айтар әңгімелер көп. Бұл жазған мақалам менің барлық эмоциямды толық жеткізе алмайды. Алайда, мен, расында, өз мамандығымды жақсы көремін. Бұл мамандық - менің болашағым. Сол себепті, осы мамандықта оқып жатқаныма еш өкінбеймін. Адам, әрқашан алға жылжуға тырысуы тиіс. Сол кезде ғана, өмірдің қызықты тұстарын сезінуге болады.