«Медиа-мәдениет және «Сандық (цифрлық) Қазақстан»
жеке
блог

«Медиа-мәдениет және «Сандық (цифрлық) Қазақстан»

           Қазіргі уақытта күнделікті қолданып жүрген заттарымыз ақпараттық кеңістікте «Заттар Интернеті» дүниесіне айналып барады.Соның нәтижесінде медиа мәдениетіде қалыптасып,етек жаюда.Осының салдарынан бұлтты есептеу технологиясында «Цифрлық ақыл» пайда болуда. Оған жылдам Интернетпен адамдар да, есептеуіш машиналар да қосылуда. Ертеректе адамдар Интернетпен бір-біріне тек ақпарат беріп қана келсе, бүгінде олар Интернет арқылы ақша, мүлік сынды құндылықтарды қауіпсіз әрі сенімді тасымалдауға Блокчейн технологиясы арқылы қол жеткізді. Міне, осындай жағдайда Қазақстанға бірыңғай зияткерлік тұғырнамада өзінің «Қазақстандық цифрлық ақыл» жасау арқылы бүкіл экономиканы, билікті, қоғамды және саясатты цифрлық негізге қысқа мерзімде кешенді түрде көшіру мүмкіндігі туып отыр.

             «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл - маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», - деп өзінің жолдауында айрықша атап өткен Нұрсұлтан Назарбаев осыған орай Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырған болатын. Елбасы өз Жолдауында атап өткендей, цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет ІТ-саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауы тиіс. Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты ғылыми-техникалық инновацияларды қолдау, оларды әлеуметтік-экономикалық өмірімізге тезірек енгізуде жаңа биіктікке және жеңіске ұмтылуымыз қажет.

            Цифрландыру қазіргі таңда ақпараттандыруды, автоматтандыруды, роботтандыруды және жасанды ақылды қоғамға енгізудің үздіксіз түрленетін, динамикалық өзгерістерге ұшырайтын, масштабталатын және ықпалдасуға бейімделетін қасиетімен ерекшеленеді.Басқаша айтар болсақ, қазіргі уақытта мемлекет тіршілігін қамтамасыз ететін жүйенің ендігі уақытта мызғымас, өзгермейтін, бір рет қана әрі мәңгілікке құрылған жүйе ретінде көз алдымызға елестету мүмкін емес. Сол себепті экономиканы цифрландыру мемлекет дамуының мақсаттарына лайықты одан ары үздіксіз жаңғырады.

         Цифрлық саясатпен (төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту және бесінші басымдық - институттық түрлену, қауіпсіздік және жемқорлықпен күрес) тікелей байланысты, ал жолдаудың бес басымдығын ескере отырып, төртінші өнеркәсіптік революцияның элементтері тұрғысында:ақпараттандыру (компьютерлер, ноутбуктер, планшеттер және мобильді құрылғылар қазірдің өзінде қаржылық жүйені, көліктік инфрақұрылымды, электр- және сумен жабдықтау жүйелерін қолдануға мүмкіндік береді, компьютерлер мектептерде, ауруханаларда, автомобильдерде, тұрмыстық техникаларда көмек береді, дегенмен, бағдарламалау технологиясы бүгінгі таңда 20 ғасырдың басындағы автомобиль жасау технологиясы деңгейінде қалып отыр).Автоматтандыру (ең тосын әрі алдын ала қарастырылмаған міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін мобильді реконструктивті прототип, аналог, өндірістік нысан моделі, бұл ретте болжам сынды тек қана тікелей емес, сонымен бірге басқару сынды керісінше де бола алады).Роботтандыру (робот-манипуляторлар, робот-дәнекерлеушілер, өнеркәсіптік роботтар, робот-үй қызметкері. Бүгінгі таңдағы Жапония мен Қытайдан кейінгі үшінші орындағы нарық ретінде Солтүстік Америкада шамамен 262000 робот орнатылған және жұмыс істеп тұр. Халықаралық робототехника федерациясының болжауы бойынша жуық арада робот жасау нарығы бірнеше триллион АҚШ доллары көлемінде болмақ) және жасанды ақылмен (сарапшылық жүйелер, «виртуалды қызметкерлер», ақпаратты семантикалық сараптау жүйесі, дербес шешім қабылдай алатын автономды роботтар, Б.А.Қойшыбаевтың «Белгі-Элемент-Байланыс» және «Қасиет-Компонент-Қатынас» кешенді әдісі негізінде жасанды зияткерлік жүйеледі жасау) жанама қатынасты.Қоғамды цифрландырудың бастауы - мемлекеттегі Ақпараттандыру (Төртінші өнеркәсіптік революция сатысының бірінші деңгейі), өнеркәсіптегі Автоматтандыру (Төртінші өнеркәсіптік революция сатысының екінші деңгейі), заводтардағы Роботтандыру (Төртінші өнеркәсіптік революция сатысының үшінші деңгейі) және бүкіл экономика, билік, қоғам мен саясаттағы Жасанды ақыл қолдану (Төртінші өнеркәсіптік революция сатысының төртінші деңгейі) және ол мемлекеттің инновациялық дамуының айқын көрсеткіші болып саналады.Енді Цифрлық экономиканы барынша егжей-тегжейлі қарастырсақ: Цифрлық өндіру (3D-принтинг), Цифрлық бөлу (бюджеттік шығыстар тиімділігін түбегейлі арттыру), Цифрлық алмасу (онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық сервис), Цифрлық тұтыну (мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай жүйесін енгізу, сатып алулар жүргізудің әдістерін түбегейлі қайта қарау); Цифрлық өндіру технологиясы (3D-баспа, 3D-сканер, жаңа бизнес процестерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз ету, цифрлық сервистер және тағы басқа.

        Цифрлық қоғам мыналардан тұрады: Цифрлық тұлға (Қазіргі уақытта әрбір тұлғаның мобильді интернет байланысы, мобильді «жұмыс орны», "Зат интернеті" дүниесі мен кез келген орында әрі кез келген уақытта қолжетімді мобильді цифрлық банкісі болатындығы қолжетімді шындық), Цифрлық топтар (аудио-, видео-, конференциялық байланыс сынды мобильді қосымшалар, интерактивті онлайн өзара іс-қимыл, жобаларды құруға, жобаларды басқаруға арналған топтың құралдары және топтық шешімдер қабылдау жүйесі), Цифрлық ұжым (Интернеттегі онлайн өзара іс-қимылдың виртуальды құралы, Интернетте ұжымды басқарудың және әкімшілеудің жүйесі), Цифрлық қоғамдастық (қоғамдастыққа арналған қорғалған мобильді әлеуметтік желі); Мобильді интернеттік технология (смартфондар, планшеттер, 3G WiFi, 4G WiFi, 5G WiFi бар мобильді құрылғылар) және т.б

    Қорыта айтатын болсам дамудың дәл осы кезеңінде бізге, қазақстандықтарға «Цифрлық Қазақстан» мақсатты бағдарламасы төңірегінде белсенді түрде қоғам болып топтасу ең тиімді тұжырым.Біз ежелгі Көшпенділер өркениетінің қазіргі заманғы ұрпақтары ретінде оны еліміздің және бүкіл әлемнің игілігі үшін пайдалана аламыз.Біз дәл осы цифрлық технологияға көше отыра,медиалық мәдениеттілікті арттыра отыра болашақ Қазақстанның дамуына әрекет жасай аламыз,яғни біздің цифрландыруға көшуіміздің өзі болашағымыздың өзі осы цифрлық дүниелермен,медиалық нысандармен қамтылатынының дәлелі.Болашақта біздің еліміз толықтай жаңа бағдарламаны игергенде оқу алу яғни білім беру жүйесі жеңілдеп,адам қажеттіліктері азайып,тұлғалар қатынасымен жасалатын іс-әрекеттерді роботтар жасап,адам солардың барлығын ақыл жүйесімен басқаратын болатын,болашақта адамның физикалық әрекеті емес ойлау жүйелігі нысанға алынып,орындалатын амалдардың барлығы тек адамзаттың басқарып қана тұруымен өзгермек.Ақпарат алмасуда,тіпті саяси жүйеде цифрландыру кезінде өзгеріске ұшырамақ,ақпарат алуымыз қазіргіденде жылдамдап,ашық дерек көздері молайып,білім алып даму үшін барлық ресурстар қолжетімді болмақ.Бұл біздің қазіргі заманымыз келбетіндегі болашағымыз.Қазір цифрлық жүйелерге толықтай көшпесекте болашақта қазіргі бейнеміз одан әрі дамып,жаңа жобалы нәтижелер бізді күтуде.Болашақ жарқын болмақ!