Бесеудің хаты

Бесеудің хаты
жеке
блог

Әр ұлттың тарихи құндылықтарының көбісі әдеби шығармаларда негізгі тақырып пен идеяға қатыстырылады.Шынымен де байқасақ,әр ғасырдағы орын алған әртүрлі ерекше оқиғалардың көбісі қазірге бізге дерек ретінде ғана емес түрлі шығармалар арқылы да жеткізілген.Біздің ұлттық әдебиетіміз осыған дәлел бола алады.Тарихи тұлғалар болсын,аса маңызды тарихи оқиғалар болсын олардың жалпы сипаты әдеби шығармаларда нақты сомдалған.

Халқымыздың басынан өткен ең үлкен қиын, қасіретке толы болған жылдар аясы жайы да бірнеше шығармаларда қозғалған болатын.Сондай шығармалардың бірі әрі бірегейі - "Бесеудің хаты".Бұл шығарма Ш.Мұртазаның драмалық шығармаларының бірі.Сонымен қатар" Сталинге хат " та осы "Бесеудің хатымен" бір тақырыптағы драма-дилогия болып табылады.Автор бұл шығармада сол 1930-1933 жылдарда қолдан дасалған ашаршылық жайлы толықтай мәлімет береді,яғни :кімдер жазғанын,кімге арнап жазылғанын және де қандай мақсатпен жеткізілуі керек болғандығын.Сондай-ақ сол кезде комсомол басшыларынан келмеген жаңалықтармен қоса халықтың ауыр жағдайын,елдегі болып жатқан күрделі мәселелерді анық көрсетеді.

Шығармадан түйетін ой әркім үшін әртүрлі.Себебі бір оқырман өзі үшін тың ақпараттар білсе,тарихи оқиғамен енді ғана танысса,енді бір оқырман өзінің осы тақырып бойынша білімін одан ары арттырып,қосымша деректер іздестіріп,тереңінен ой түйеді.Жалпы шығарма бізге халқымыздың қоғам қайраткерлері-Т.Рысқұлов пен Ғ.Мүсіреповтің жасаған ерліктерімен таныстырып,хатты жазуға атсалысқан ғұламаларымыздың есімін мәңгілік жадыда ұстап,есімдерін тарихта өшпестей етіп жазып қалдыруға үндейді.