Бүгінгі сәулет өнері ертеңге мұра!

Бүгінгі сәулет өнері ертеңге мұра!
жеке
блог

Қазіргі еліміздегі заманауи сәулет өнері әртүрлі бағыттармен сабақтасып, жаңа деңгейге көтерілуде.Заманауи сәулет өнері өз тамырын тарихтан алады себебі онсыз бұл сәулет өнерінің түрі басқа бағытқа айналып кетеді.Дегенмен бір жағынан ол тек бір қалыпта қалып қалмауы тиіс.Сол себепті сәулет-құрылыс өнерін дамыту барысында екі негізгі құрылымдарын ұмытпау керек,олар: дәстүр мен жаңашылдық.

Енді өзекті болып тұрған екі бағыттың мағынасын нақтырақ аша кетейік.Дәстүрге негізделген сәулет өнері өзіндік ұлттық белгілерімен,тарихи мәдениеттегі елеулі оқиғалармен қатысы барғяғни киелі болуымен ерекшеленеді.Мысал ретінде Қожа-Ахмет Яссауи кесенесін алайық.Ол Түркістан қаласында тұрғызылған,ежелгі халық аңызымен байланыстырылған киелі жердің керемет туындысы,архитектуралық ғимарат.Осы сияқты бізге тарихымызда тағдыр қоспаған қос ғашықтардың сырын айтатын басқа да кесенелерді атап көрсетуге болады. Ал жаңашылдық бағыттағы сәулет өнері "заманауи құрылыс" атауын толықтай қанағаттандырады,әлем сахнасымен бәсекелестікте болуға,үнемі жаңаша дамып отыруға мүмкіндік береді.Оған қазірде елімізде жүргізіліп жатқан Елорданың сәулет-құрылысы жоспарына негізделіп жасалған жобаларды,туындыларды айта аламыз.Қазақстан Ұлттық музейі-осы жоба арқылы жасалған керемет туынды.Мұнда экспозициялар үшін түрлі заманауи көрме технологиялары қолданылады.Сонымен қатар ғимараттың құрылысы да халықаралық стандарттарға сай болуымен ерекше.

Қорытындылай келе негізгі түйін: еліміз үшін әрі аса құнды жәдігер болатын әрі сәулет өнерінің заманауи талаптарына сай келетін бірегей – феноменальды ғимараттар тұрғызу,жобалар құрастыру қажеттігі.Мұның барлығы ұлтымыздың тарихы мен болашағын байланыстыратын аса маңызды арақатынасты білдіреді.