Тәуелсіз елім туралы толғаныс

Тәуелсіз елім туралы толғаныс
жеке
блог

«Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге деген    құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды.»

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан Республикасы–тәуелсіз, дамушы, Азиядағы ең бір қуатты, дүниежүзі бойынша  айрықша орын алатын, әлемнің  жүзден аса еліне белгілі, көпұлтты  мемлекет. «Біз  тәуелсізбіз»‐ деп кеудені кере мақтанышпен айта аламыз. Өйткені, тәуелсіздік  терең мағыналы, ауыр ойлы  ұғым.  Осындай  ұғым  бізге оңай жолмен келді ме?

    Тәуелсіздік- аққан  тердің, төгілген қанның, берілген жанның  нәтижесі.  Мағыналы ұғымның астары  ата- бабаларымыздың  талай тарихи тағылымынан сыр шертеді. «Тәуелсіз ел" деген беделіміз  арқылы талай алпауыт елдермен иық тіресіп, тереземізді теңдеп, керегемізді кеңдеп, жайлап болса да өркендеп  өсіп жатырмыз. Осы ұғымның арқасында «Дамыған 30 ел қатарына кіру" мақсатымызды айқындап келеміз.  Оғанда, қазақилығымызды бетке алып «шүкіршілік" етудеміз.  

   Талай дүрбелең заман көрінісінде ел үшін, жер үшін  бабаларымыз  кеудесін оққа тосып,  аналарымыз  баласы үшін тілеу тілеп, көз жасын сүрткен шүберекке дейін, жау шауып, далада  жер иіскеп ,қаңырап қалған шаңырақтың өзі, ашаршылық кезеңнің, қылышпен  мылтыққа аттанған кездердің, жалғыз тұяғын  соғыстың сұм беліне байлап берген, иіп кеткен кеудедегі ақ нәрдің дәмін татушы қалмаған заматтардың, қорқынышпен таң атырып, өкінішпен күн батырған ақырзаман күйін кешкен  зұлматтардың, қазақ басшы болған күндерді көз алдында елестеткен уақыттардың,  туған жердің бір уыс топырағын, жусан иісін аңсап кеткендердің көрген күні  бәрі  Тәуелсіздіктің қандай ыстық  дүние екенін, қандай махаббат араласқан ерлікпен келгендігін  ұқтырғандай болады.  Осыдан кейін ақ қалай бағаламайсың, қалай  шет қалдырасың...   

      Өзім ойлаймын, әр басқан қадамымның астындағы  шаң ұшқан топырақ,  еңкейе қолыма ұстаған  қиыршық тастар  не  деген  жақұт десеңші!  Асыл тастан да қымбат болар тәуелсіз жерімнің, «менің жерімнің»  байлығы.  Кезіндегі  патша үкіметінің қитұрқы  жоспарларына да тайсалмай, сағын сындырмай, тұқым тұяғымен құрдымға кетпей шыдап баққан, абыройды алға тартқан «менің елім» тәуелсіз елім! Мен  ашық  аспанда қыраны еркін самғаған  елдің тәуелсіз ұрпағымын! Ұшы- қиыры көрінбей тұрған жерімнің, түтіні түзу шыққан әрбір үйдің бейбіт көрінісіне қарап  кеудемді мақтаныш сезімі  кернеп барады...

 

Жұмаш Еңлік

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 1-курс студенті