Әлемнің ең қорқынышты адамы өмірден өтті

Әлемнің ең қорқынышты адамы өмірден өтті

Ұлыбритания тұрғыны Энн Вудс 67 жасқа келіп, өмірден өтті. Ол "әлемнің ең қорқынышты әйелі" деген атпен 28 рет мараппатталды. Белгілі британдық газет «Metro» Вудстың өлімі туралы 1 сәуір күні хабарлады. Алайда ол өткен айдың аяғында о дүниелік болған. 

Айта кетейік, ол «World Gurning Championship» жарысына жыл сайын қатысты. Оның атағы тек қана Ұлыбританияда емес, басқа елдерге де кеңінен жайылды. Ол алғаш "ең ұсқынсыз әйел" деген атақты 1977 жылы алды. 2 орынды бүкіл өмірінде тек 5 рет алып, соңғы жеңісін 2010 жылы тойлаған. 

Әйгілі "қышқыл алма жәрмеңкесінің" вице-төрағасы Каллум Скотт өзінің көңілін айтты. Ол: "бет-аузын тыжырайтудан өтетін сайыс енді ешқашан Энн Вудстың кезіндегідей болмайды", - деді. Қалада оны барлығы жақсы көрді. Өйткені ол осы мерекелік кешке барын салып дайындалатын болған. Сонымен қатар ендігі кеш Энн Вудстың құрметіне арналатын болады.

Сурет: www.5mhrm.com

Ж. Исакаев