"Қазақ" пен "Айқап" неге айтысқан?

"Қазақ" пен "Айқап" неге айтысқан?
жеке
блог

        Қазақ журналистикасында айрықша орын алатын «Қазақ» газеті мен «Айқап журналы» саяси тұрғыда Алаш зиялыларының саяси көз-қарастарын жақсы таныта білген басылымдар ретінде орындары биік.Екі басылымныңда шығарыла бастауларындағы түпкілікті мақсаты қазақ халқын озбырлық пен қиянаттан,қараңғы әлемнен шығару еді.Өз кезектерініде ел,жер тақырыптарында сан қилы мақалалар жариялап,елдегі болып жатқан келеңсіздіктерді айқын түрде көрсетіп,халықтың сол кезеңдегі рұхтандырушылары болған «Айқап» пен «Қазақ» газеттері сол кезеңдегі басылымдардың һәм биігі еді.Екі газеттіңде бір жолда қызмет еткені дүйім жұртқа мәлім,дегенімен дәл осы екі басылым арасында дау дамайдың туындағаны көпке аян.Өздерінің арасындау туындағанын көрсететін «Қазақ» газетінде Міржақып Дулатов 1914 жылғы 51-нөмірінде жарық көрген «Айқап» журналы» деген мақаласында.мынадай бір мəлімет жарияланған:«Қазақ» та, «Айқап» та өз бетімен келе жатқан кезде сəтсіз күні басталған басқосу мəселесі шыға келді», – деп жазған.Яғни сол бір келеңсіз мәселеге деиін ешқандай дау болмағанын айтып, «Айқап» журналымен негізгі басйланыстар оң екенін растаған. Екі басылым арасында бірнеше мәселеге байланысты айтыс болды. Бірінші –жер мәселесі. Жер бөлудегі әділетсіздік және отырықшы болуға үндеуге байланысты екі басылым бірнеше рет жауаптасып отырды. «Қазақ» газеті жерге қатысты мәселеде қазақ егінін де салсын, малын да бақсын, қазақтың меншігіне тиісті жерді тек қазақ қана пайдалансын деп өз ойларын батыл білдірсе,ал «Айқап» журналы керісінге отырықшылыққа көшіп,егін егумен айналысу керек деп,халықты мал бағудан ласытапғегіншілікке бет бұруға шақырған.Екі басылымды айтыстырған екінші бір мәселе – 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс. Қазақтан солдат ала ма, алмай ма, берген дұрыс па, бермеген дұрыс па деген сауалдар сол кездегі барша ұлт зиялыларын мазалағаны рас. «Қазақ» газеті бұл мәселе бойынша халықты барынша сабырға шақырумен болды. Кейіннен Ахмет Байтұрсынұлы бастаған Алаш қайраткерлері қазақтан солдат алған күнде олардың жағдайын жасау қажеттігін айтып, бірнеше рет патшаға хат жолдады. Сондай-ақ арнайы өкілдер жіберіп, солдатқа алынған қазақтардың жағдайын бақылап отыру, олардың керегін қамтамасыз етуге тырысты. Бұл туралы газет бетіне бірнеше рет мақала да жарияланды.Осындай тақырыптар аясында екі басылым жиі дауға келіп қалып отырған. «Айқап» пен «Қазақ» арасында туындап отырған айтыстар туралы алғашқы пікірлерді көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткерлері Тұрар Рысқұлов пен Санжар Асфендияровтың тарихи тақырыпта жазған еңбектерінен кездестіреміз.Бірақ, екі тұлғада басылымдар айтысына обьективті көз-қараспен қараған.Бұдан бөлек,осы тақырыпқа қатысты татардың «Уақыт» газетінің 1915 жылғы 9-шілдедегі санында жарық көрген Нығметолла Күзембаевтың «Айқап» журналы хақында» деген мақаласынан үзінді келтіре отырып, ғалым негізгі талас туғызған мəселелер жерге орналастыру, съезд шақыру жəне əліпби түзу жөнінде болғанын дөп басып көруге болады. Нығметолла Күзембаев жерге орналастыру турасында туындаған пікірталасқа былайша сипаттама береді: «Жер мəселесі жөнінде «Айқап» журналының маңында болғандар татарлардың əсерімен жерге отырықшы болуды қуаттады, «Қазақ» газеті маңында болғандар қала болмауды қуаттады. Асылында, бұл екі түрлі пікір, екі түрлі ұсыныс қазақ арасындағы негізгі екі таптың пікірі, мүддесі еді. Мұның біріншісі қазақтың кедейлері мен жарлы-жақыбайларының пікірі, мүддесі еді де, екіншісі қазақтың ірі байларының пікірі, мүддесі еді (астын сызған біз автор)»-деп екі басылым арасындағы дау дамайдың негізі қазақ кедейлерімен қазақ байларының екі бөлек ойлауында деп тұжырып айтқан екен.Кейбір зерттеушілер осы тақырыпты зерттеу барысында кейде «Қазақты» кейде «Айқапты» жақтап,бір газетті жақтау үшін,бір журналды даттауды құптап кеткен.Кейбірі айқаптықтарды ұлтты ойламайды деп сөгсе,енді бірі қазақтықтарды халық жағдайын ескермейді деп екі пікірге бөлініп отырған.Ең бір қызықы осы екі басылымда бір-бірімен жиі дау дамайға келіп жатсады,бірінің сөзін бірі құптап қолпаштап отырған.Осының өзінен-ақ біз басылымдарды шығарушылардың өз бастарынан гөрі халық қамын,халық мүддесін жоғары қоятынын көруге болады. «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 148-санында «Айқап» тоқталуы» деген мақала жарияланған. Онда «қазақтың айналдырған жалғыз журналының бірнеше жыл шығып тұрып, ересек болған соң тоқталып қалғанына» қапалы екендіктерін білдіре отырып, «Қазақ» басқармасы «Айқапта» жарияланған журналды шығарушылардың оқырмандарына соңғы арнауын газеттерінде көшіріп басуды өздерінің азаматтық борыштары санайтынын айтқан. Ал «айқаптықтар» болса, өз кезектерінде журналдың қаражат тапшылығынан жабылатындығына өкініштерін білдіре келіп, газет төңірегіндегілерге мынадай тілек-баталарын береді: «Журналды шығарғандағы мақсатымыз халыққа жол көрсетпек еді. Газеташылық, журналшылдық қазақ жігіттерінің қолынан келетін жұмыс екендігін сыпат етпек еді. Біз бұл мақсатымызға жеттік. Ендігі жұмыс оқыған жастардың мойнында.Осы мәліметтерге сүйене отыра біз «Айқап» пен «Қазақ» тың бір-бірін көрместей айтысып дауласпағанына көз жеткіземіз.Өз кезегімізде тек олардың дауын бір-екі тақырып аясындағы келіспеушілік деп қабылдаймыз.