Винни Пух туралы көркем фильм түсіріледі

Walt Disney компаниясы балалардың сүйікті кейіпкерлерінің бірі Винни Пух туралы көркем фильм түсірмек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Deadline басылымына сілтеме жасап.

Сюжет желісінде есейген Кристофер Робин бала кезіндегі достары тұратын сиқырлы орманға барады.

Туындының сценарийін дайындау «Сандэнс» фестивалінде аты шулы болған «Тыңда, Филипп» фильмімен танымал Алекс Росс Перриге тапсырылды. Жобаны дайындауға қажетті уақыт пен прокат графигі әзірше белгісіз.

Винни Пух туралы ең алғаш туынды 1966 жылы «Винни Пух және бал ағашы» атымен үлкен экранға шыққан еді. Оның шығуын Уолт Диснейдің өзі қадағалаған. Ал 1977 жылы көрермен назарына «Винни Пухтың шытырман оқиғалары» мультфильмі ұсынылды.

Прокатқа шыққан жобалардан өзге 80-жылдары цифралық құрылғыларға бірнеше анимациялық сериалдар, 8 фильм түсірілді.

Ал сіз үшін бұл кейіпкердің ерекшелігі қандай?

Сурет: v3wall.com

Ұқсас жазбалар:

Disney көрермендері Муланмен қайта қауышады

"Дивергент 2: Инсургент" фильмінің ерекшелігі не?

Бұл − әдеттегі ертегі емес

Достық туралы ғажайып ертегі