Әл- Фарабидің философиялық ойлары

     Әл-Фараби ұлы философ-ғалым, астроном, математик, шығыстың ортағасырлық дәрігері.  Әл-Фараби (толық аты  Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби ат-Түрки) 870  жылы Фараб қаласында Сырдария өзенінің Арысқа құяр маңында дүниеге келген. Оның «тархан» аталуы, беделді түркі әскербасының отбасында дүниеге келуі. Кейіннен Фараб қаласы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында орналасқандықтан Отырар қаласы аталып кетті. Отырар қаласы жайлы қытай жазба-деректерінде Птолемейдің еңбектерінде кездеседі. IX-X ғысырларда Отырар қаласы бүкіл әлемдік керуен сауда жолы өтетін орталық болған. Моңғолдардың шабуылынан қаланың 1218 жылғы ойрандалуы бәріне белгілі. Бірақ бүкіләлемдік мәдениеттің дамуында әйгілі ақындар мен ойшылдардың, ұлы ғалымдардың оның ішінде Әбу Наср әл-Фарабидің отаны ретінде Отырар қаласы әлемге танылды.

     Осы уақытқа дейін мәдениет пен ғылымның белгілі тарихшылары әл-Фарабидің астрономия, музыка теориясы, әлеуметтану мен этика, математика, психология, таным философиясы мен құқыққа қызығушылықтарынан жазып қалдырған ойларын тамсана, ерекше тұлға екенін жарыса жазады.  Жас кезін Фараби туған қаласын тастап, раб халифатымен байланысты барлық қалаларда Бағдат, Александрия,Мерве, Дамаск, Каир Хорран қалаларында өткізген. Өзінің көпшілік уақытын араб халифатының  орталығы болған Бағдат қаласында өткізді.

   Осы қалада ол гректің ұлы ойшылдарының « Бейт Аль – Хикма» еңбегін аудару барысында  беделді ғалымдармен араласа зерттеуі арқылы « Муаллим Ассана» титулына ие болады. Бұл титул екінші ұстаз деген мағынаны береді. Бірінші ұстаз Аристотельдің болуына байланысты, екінші ұстаз титулын алады. Оларды шынымен де, ғылыми зерттеуге жан жақты қызығушылықтары, кең ойлаулары, адамның тұрмыс тіршілігін философиялық тұрғыдан ұғынулары, адамның философиядағы орны жайлы зерттеулері және т.б. қырлары байланыстырады.

   Фараби ұлы грек ойшылы ойлап тапқан логика ғылымына да өзіндік үлесін қосты. Ерекше, батыл философиялық көзқарастары қоғамдық пікірлермен қарама –қайшы келіп, грек философия ғылымын толығымен түсінуге кедергі болды. Және де көптеген адамдар оның еркін, өткір білдіреін философиялық көзқарастарынан діннен алшақтағаны жайлы пікірлерін айта бастады. Бірақ та бұл тек Фарабидің ой еркіндігі мен өз ойын, өз ұстанымдарын нақты жеткізуі еді.

   Оны  адамдардың жақтырмаушылық пен көре алмаушылықтары Бағдат қаласынан кетуге мәжбүр етті. Өмірінің соңғы жылдарын Дамаск пен Алеппо да Сайф ад-давля Хамднидің билігі кезінде өткізді, бірақ ол хан сарайының бітпейтін күйбелең тіршілігінен алыста тұруды дұрыс деп санады. Ол 80 жасында Дамаск қаласында қаза тауып, Кіші қақпа аталатын жерде жерленген.

   Әл- Фарабидің ғылыми еңбек жолындағы мұрасы өте мол. 80-160 шақты ғылыми еңбектердің авторы. Оның еңбектері Шығыс қалаларында өте танымалдылықпен қолданылды және сұранысқа ие болды. Аристоиельдің метафизикасына әл-Фарабидің қалдырған пікірі ибн Синаға Стагирит кітабының даналыған түсінуге арқау болды.  XII-XIII  ғасырларда әл-Фарабидің трактаттары ежелгі грек  тілі мен латын тілдеріне аударыла бастады. Фараби ұлы араб философтарының бірі есептеледі, әлемнің екінші ұстазы.

   Фараби еңбектерінің тақырыбының ауқымы өте кең. Бәрінен бұрын оны қызықтырған әр түрлі ғылым салаларының теориялық қалануы мен философиялық мағыналары болды. Әл-Фарабидің Аристотельдің логикалық шығармаларына пікір қалдыруы оның этикасын, риторикасын, метафизикасын және де көптеген антикалық текстерді түсінуге ықпал етті.

   Әл-Фараби еңбектерінің ең маңызды аспектілерінің бірі оның антикалық мұраларға тарихи-философиялық анализ жасауы. Ең басты қызықтылығы оның Платон мен Аристотельді бір-біріне қарама-қайшы зерттеуі емес, керісінше олардың ортақ ақиқатқа бірдей ұмтылысын, олардың ұқсастығын жан-жақты зерделеуі.

   Әл-Фараби Аристотельдің логика, диалектика, риторика, поэтика салаларына шығармаларына пікір қалдыра отырып, өзінің философиялық ойларының басқа білімдерден артықшылығын айқындай кеткен шығыс перипатетиктерінің арасынан бірінші болды.

  Философия адам жан дүниесін мәңгілік ететін, рационалды дәлелдеуге сүйенетін, ақиқат танымын ұғынуға барынша жақын, адамға саналы түрде бақытқа жолын ашады дейді. Осыған сүйене отырып, қоғамды басқару қызметін, философ-басқарушы атқаруы тиіс деп есептейді. Сол кезде ғана ол мемлекеттің халқы бақытты да мемлекет зағдарын құрметтейтін адал  болады деп есептейді. Философ пен ағартушы  билеушінің негізгі практикалық міндеттерінің бірі – философиямен қатар, шынайы дінге енген элитарлық білім ретінде құрылуы.

   Мемлекеттік жүйенің көрінісі әл-Фараби суреттеген әлемдік тәртіптің жалпы көрінісіне ұқсас. Әлемнің тіршілік етуінің негізі- бұл бастапқы негіз. Әл- Фараби іліміндегі маңызды сәт- жан мен дененің бірлігіғ жансыз дененің болмауы мүмкін еместігі туралы бірнеше рет баа айтқан жан мен ақыл туралы түсінік. Сонымен қатар, ақыл-ойдың ерекше физикалық емес, материалдық емес тұлға ретінде ереркшелігін ескере отырып, әл-Фараби адамның ақыл-ойы жетілу нәтижесінде адамның шексіз күш – жігерінің нәтижесінде дененің күшінен босатылатынына сенді: «ВАдамны ңжаны болмыстың соншалықты жетілдірілген деңгейіне көтеріледі, сондықтан оған өмір сүру үшін материя қажет емес... ол заттан бөлінген заттармен үйлеседі және осылайша мәңгілік өмір сүреді».

   Фараби қолжазбалары әлемнің көптеген кітапханаларында таралған. Фараби мұрасын зерттейтін ғалымдардың үлкен бір тобы Фараби шығармаларын орыс және қазақ тілдерінде басып  шығаруға және оның энциклопедиялық мұраларының түрлі аспектілерін зерделеуге қадам жасап, көптеген ғалымдар фарабитануға өз үлестерін қосуда.

 

    Данат Жанатаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты

    Әсем Аухымбай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетінің магистранты



Бөлісу: