Қазақ футболының тарихы

Қазақ футболының тарихы
жеке
блог

Қазақстанда футболдың пайда болғанына 100 жылдан асты. Кеңес Одағы тұсында Қазақстанның намысын жалғыз «Қайрат» қорғады.

Бұл уақытта Қазақстанда футболшыларға қарағанда олимпиадалық спорт түрлерінің спортшылары танымал еді. Әсіресе, бокс пен күресті серік еткендердің дәурені жүріп тұрды. «Қайрат» алып державада көшбасшылардың қатарына ене алмады. Тек бір рет ғана Федерация Кубогына ие болыпты. Бірақ бұл кубокты ұтқандар келесі жылы Еуропа лигасына жарысқа қатыспайды.

1971 жылы Алматының «Қайраты» Еуропа теміржолшылары халықаралық спорт одағының Кубогын жеңіп алған бірінші кеңестік команда атанды. Алдымен өз алаңында Чехословакияның «Локомотив» (Кошице) командасын қабылдап, 4:1 есебімен жеңді. Артынша, қараша айында, екі команда Кошице қаласында қайта күш сынасты. Бұл матч алаң иелерінің аздаған басымдығымен (1:0) аяқталды. Соған қарамастан, екі кездесудегі есептің нәтижесіне қарай қазақстандық ұжым жарыс жолын жалғастырып, жартылай финалға шықты. Одан кейін Болгарияның «Славия» командасын екі кездесудің қорытындысы бойынша артта қалдырды. Ал финалда Бухаресттің «Рапид» командасын ұтты. Бір өкініштісі, бұл жарыс УЕФА-ның ресми турнирлерінің қатарына кірмейді.

Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін Қазақстан футбол федерациясы құрылды. Елдегі футболды «Қайрат» командасы сақтап қалуға тырысты. 1992 жылдың қаңтарында жаңадан шағын лига ашылды. Оған Орталық Азияның бірнеше командасы қатысты (Қазақстан, Өзбекстан, Қызғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан құрамалары).

Тәуелсіздік алған соң Қазақстан футбол федерациясы Азия футбол Конфедерациясына мүше болды. Алайда барлығы 2002-2003 жылы маусымда қайта өзгерді. Федерация Азиядан УЕФА-ға 52-ші болып мүшелікке өтті.

 

Футболға бөлінген инвестиция

Мемлекет футболға үлкен көлемді инвестиция салды. Қазақстанның жаңа астанасында сәулетті ғимараттар өте көп. Олардың арасында «Астана Арена» стадионы да бар. Стадион 2009 жылы ашылған. Еуропадағы соңғы үлгідегі заманауи стадиондардың бірін британиялық сәулетші Бюро Хаппольд салды. Сыйымдылығы – 30 мың адам. Жасанды жабынмен жабдықталған.

Қазақстан Премьер-лигасының елдегі футболды насихаттау арқылы өсетін мүмкіндігі өте төмен. Оған себеп көрші елдердің ойыншыларымен, сондай-ақ Латын Америкасынан да легионерлер келуде. Бұл әрекетті көбісі Еуропа футболына қарай жасалған алғашқы қадам деп ескереді, алайда өз отанымыздағы жас талантты ойыншыларға да назар аударып қойған дұрыс.

Жаңа таланттардың көптеп шығуы Қазақстан ұлттық құрамасының алдағы халықаралық турнирлерде көбірек жеңіске жетуіне кепілдік береді. Мысалы, 2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатына қатысатындардың саны артты. Бұл – Қазақстан сияқты мемлекеттерге кәрі құрлықтың турниріне қатысуға тамаша мүмкіндік.

Астана 2020 жылғы Еуропа чемпионатының бірнеше ойынын өткізуге өтініш жасаған еді. Алайда атқарушы комитет бұл өтінішті құптаған жоқ.

 

Қазақстан футболы қазіргі кезде жоғары қарқын алып келеді. Жақын арада, дәлірек айтқанда, алдағы жылдары жаңа таланттар көбейетін болса, Еуропа біріншілігінен ойып тұрып орын аларымыз әбден мүмкін. Мен бұған сенімдімін. Өйткені Қазақстанда футболды жақсы көретін адамдар көп.

 

Қайыпқалиев Әлібек

Халел Досмұхамедов атындағы АтМУ 


2 - курс студенті