Жануарлар мазағы болса...

Жануарлар мазағы болса...
жеке
блог

«Азаптап жануарларға өнер көрсететін цирк саны көбейді ме?»

"Елімізге цирк қажет емес!". Соңғы уақытта қоғам белсенділері осылай дабыл қағуда. Жұрт жанайқайын әлеуметтік желіге жүктеп жарысуда. Себебі, жан-жануарлар сахнада өте икемді әрі ақылды көрінгенімен, оларды баулу кезінде әбден таяққа жығылады. Тіпті, сахнаның өзінде әртістер таяқшаларының басындағы инемен түртіп, үркітетін көрінеді. Осылайша, қажетті әрекет-қимылдарды жасатады екен.

Желілерге тарап кеткен видеолар арқылы көпшілік қауым циркті қажет емес деп шығарып отыр.

Хайуандарды  аяусыз қинаған жаттықтырушылардың адам шошырлық әрекеттерін айтып, көпшілік желіні толтыруда. Олар  "сахнаның бергі жағындағы көрініс пен арғы жағындағы жағдай үйлеспейді.

Желіге асқан жылдамдықпен тараған видеоның астындағы пікірлер де екіге бөлінді:

Бәрі тек – ақша табудың амалы"  деп ашынуда.

«Меніңше, циркті бір жаңағы жарты сағаттық, бір сағат ләззәт үшін жануарларды қинап еш қажеті жоқ деп ойлаймын», деді бірі.

  "Жоқ, дұрыс деп ойламаймын. Сахнаға дейін оларды қинайды», деді тағы бірі.

Астаналық цирктің әртістері қаңқу сөзге ермеу қажеттігін айтады. Себебі, "таяққа жығылған тағы ешқашан да үйретушіге ілеспейді. Оның көрсеткен әдіс-тәсілдерін қайталауы да қиын" дейді.

Бүгінде қоғам белсенділері "еліміз цирктен бас тарту керек" деген пікірді жиі көтеріп жүр. Оған себеп көп. Олардың сөзінше, жан-жануарларды үйрету кезінде ұрып-соғу көбейген. Қазір әлемде цирк алаңында жануарларды қолданудан бас тартқан 50 мемлекет бар.

Ал, қоғам белсенділері жануарларды ұрып-соғып үйрету қай жерде де бар екенін алға тартып отыр. "Түзде еркін жүрген тағыларды торда қамап ұстау да қатыгездік. Тар қапастағы аңдарға тіпті обал" - дейді олар. Сондай-ақ, акробаттар мен жануарлардың биікке өрмелеуі сияқты қауіпті тюрктер көрерменге тек қорқыныш сыйлайды. Одан халықта күйзеліс пайда болады -дейді. «Қазір заман өзгерді. Технология дамыды. Осыған сай адамдардың да санасы көп өзгерген, жетілген. Қазір балалардың өзі қазір оны көруден қалып бара жатыр. Өйткені цирктің көрсететін түрлі сиқырлары, фокустары ешкімді нандыра алмайды. Оған 5 жастағы бала да сенбейді», - дейді қоғам қайраткері Қуандық Шамахайұлы.

Қоғам қайраткерлерінің ойынша,бүгінде цирктен көрермен жырақтап барады. Сондықтан, бұл өнер саласының шығыны таудай болғанымен, өзін-өзі мүлдем ақтамайды. Бюджеттегі қаражатты құр кетірмес үшін салаға тың реформалар қажет. Десе де, өнерде қатыгездіктің болуының өзі қателік

 Гүлбаушан Қабидолла

Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ студенті