Халықтың көңілінен шыққан Леонардо Ди Каприоның БҰҰ саммитіндегі баяндамасы

Халықтың көңілінен шыққан Леонардо Ди Каприоның БҰҰ саммитіндегі баяндамасы

Біріккен Ұлттар Ұйымы климат мәселелеріне арнап саммит өткізген болатын. Саммитке танымал актер Леонардо Ди Каприо да қатысты. Ол қоғамдағы өзекті мәселелерді тілге тиек етіп, қалың көпшіліктің көңілінен шыға білді. Оның бар-жоғы 4 минутқа созылған баяндамасы халыққа керемет әсер қалдырды. 

"Бірден айтайын, мен халықты энергоүнемдейтін шамдарды алмастыруға немесе гибридті автокөліктер сатып алуға көндірейін деп отырған жоқпын. Баяндама бүкіл әлемдегі үлкен масштабтағы мәселелерді шешетін билік пен өнеркәсіп орындары туралы болады.

Енді біздің іс-әрекет ететін уақытымыз келді. Біз көміртегімен табиғатты ластайтын мекемелерге айыппұл салып, мұнай, көмір, табиғи газ өндіретін өнеркәсіп орындарына мемлекеттен бөлінетін қаржыны қысқартуымыз керек. Олар біз төлейтін салыққа лайықты емес. Егер біздің экожүйеміз бұзылса, онда экономикамыздың да деңгейі төмендейді". 

Сурет: whats-on-netflix.com

Ж. Исакаев