Қайғыдан құтқарған «Қайың сыпыртқы»

90 жылдардың басында болған оқиға дейді-мыс... 
Алматыда тұратын жалғыз басты кейуана зейнетақының жоқтығынан, үйде тіске басар ештеңе болмағандығынан, өмірдің қиындығынан... қысқасы жарық дүниемен қош айтысуға бел буады.

Ана жаққа аттанар алдында үйінде қалған соңғы сүйекті қазанға салып, «Барлық Арасан» моншасына бет алады. Жолда Панфилов саябағынан өтіп бара жатып, қайың ағашының бұтағын сындырып, моншаға сыпыртқы дайындап алып, енді жолдан өте бергенде қасына қара джип келіп тоқтайды. Есікті ашқан азамат:

– Әжей, сыпыртқыңыз қанша?, – деп сұрапты.

«Ә» дегенде азына сөз түспей, абдырап қалған кейуана «2 мың теңгеден еді», – дей салады.

Қара «кожный куртка» киген қара жігіт сөзге келместен 3 мың теңгені қарияның қолына ұстатып, қайың сыпыртқыны алып кетіпті.

Тіршіліктен түңілген Ана қолыңдағы ақшаны ұстап тұрып, ішінен өмір өзі ойлағандай қиын емес екенін түсінеді. Осылайша таңертеңгі райынан қайтып, өмірге деген құлшынысы арта түскен екен.



Бөлісу: