Ішкі және  сыртқы  "мен"
жеке
блог

Ішкі және сыртқы "мен"

           Менің  миымда  күнде соғыс... Жеңетін  де,  жеңілетін де  өзім. Жеңгенім - ашуланып  тұрып  күлгенім  болса, жеңілгенім - бәрін  қаз  қалпында  қалдырғаным (бұл  менде  әдетке  айналған  жеңіліс  болып  тұр. Оны  кім  жақсы  көрсін?!) Ойша  бәрін  құрап, жасап  қоямын да, іс  жүзінде  дәлел  жоқ.  Жұрттың  сөзіне  еріп, осылай  "ләппай"  деп  жүріп,  үндемес  боп  қалағанымды  табаныма  жабыстырып  қоя  тұрсам   ба  екен? әлде, арман  бағытына  еріп, дегенімді  жасап  "жексұрын"  атансам  ба  екен?!  Аяққа  тұрам  десең  қолдайтын  емес,  бетіңе  күле  қарап  шалатындардың  жұлдызы  жарқыраған  кез  ғой... Алыстан  "мен  мындалап"  қол  бұлғаған  арманыма  көз тастаймын  да, тағы  да  кейінге  шегеремін.

         Аяққа  оратылған  бала (бұрынғыдай  арқасына  мінгізіп  алып,бала  бағатын  енелер  аз ғой, немере бағар шағында зейнетке дейін жұмыс жасау керек), шағын  ауылдағы  жұмыссыздық, жұмыс бар  жерде  таныс  жоқ  тағы...  Өзгеріссіз  өтіп  жатқан  күндерім-ай...  Адамның  емес,  Алланың  бұйырғаны  боладыға  салып  келесі  күнді  күтемін. Әр  күніме  шүкірлік  айтамын.  Тек, он  екі  мүшем  сау  боп  тұрып  бос  жатқаным  шымбайыма  бататыны  бар. Санада  сансыз  ой... Алдағы  күндерге, қадам  басқан  жаңа  жылға артар  үміт  көп... Сәттілік!