Кім болды?...

Кім болды?...
жеке
блог

Алтын құрсақ текті елдің есіл еркесі, қалың қалай?! Мен сені білмеймін, бірақ көз алдымда суретшенің салған суретіндей сумаң етіп, көңілімнің көкжиегін кеңейте түскені болмаса. Ақ отауыма төтелеп, жетпіс жеңген жетелеп келетін күннің жақындауының бір белгісі ғой деп қояды дүрсіл қаққан қу жүрек. Осындай қаңбақ қиял санамды саңдыраққа душар қылғаны тағы бар. Арқаның ақ қарында құбылған қу түлкідей қылаң берген сол бір бейнең түндігімді бұзып кірген нұрдан құйған түн періштесі ме екен деп қаласың. Жұмақтың хор қыздары жұмылып қос бұрымына іле салған шолпыларынның сыңғыры, Көкшенің ақ балтыр сылқым қайыңдары сыйға тартқан сырғаларынның əрі-бері ырғалған дыбысы көңілді хош күйге бөлегендей болады.Мойылдай жанарынды аша кірпіктеріне аймалатып, назарынды тік жібермей, төмен қарауынның өзі, Қазақ аруының бойынан табылар қылық дегені ғой. Шортан міңез, жайын ауыздылар мекендеген қу дүниеде уысында тербелген уыздай арыңды жоғалтпағайсың....