Жалғыздық

Өмір деген керемет қой, шіркін. 

Біреу дүниеден өтіп жатады, ал біреу дүниге келіп жатады. Жер шарында миллиардтаған адам бар. Солардың ішінен адамдар өз жартысын іздейді. Адамға қайғысы мен мұңын, қуанышы мен бақытын бөлісетін адамы болмаса қиын екен. Кейде ойлайсың, жаныңда ата-анаң, бауырларың, достарың барында басқа ештеңе де керек емес сияқты болып көрінеді. Ал жалғыз өзің қалғанда, олардың махаббатынан бөлек бір махаббатты аңсайды екенсің. Сүйген адамыңның саған деген махаббаты. Өз жартыңның саған деген сенімі, аялы алақаны...

Сол адаммен ұзақ та бақытты өмір сүргіміз келеді. Біреулерге сол жартысын табу мүлдем оңайға түседі, ал біреулер өмірінің жартысында əрең кездестіреді. Ең мұңдысы, кей адамдар өмір бойы кездестіре алмайды...

Менің бұл өмірде қатты қорқатындарымның бірі де осы. Өмірімді жалғыз өткізу... Айтудың өзі қорқынышты.  



Бөлісу: