Тележурналистиканың адамзат қоғамның дамуындағы рөлі
жеке
блог

Тележурналистиканың адамзат қоғамның дамуындағы рөлі

Ақпаратпен қамтамасыз етудегі рөлі. Кез - келген арна ақпарат таратуы заңдылық. Өзіндік бағытты, ішкі саясаты арқылы әрбір арна өзінше ақпараттық бағытта жаңалықтарды халыққа ұсынады. Мысалға «24кз» телеарнасы. Бағыты халықты тек ақпаратпен қамтамасыз ету.Яғни барлық шет елдік, отандық жаңалықтармен бөлісу. Күн сайын қоғамдық ақпаратпен құлақдар ету.

Мемлекет саясатын дәріптейтін идеологиялық құрал ретіндегі рөлі. Мемлекеттік арналар әрқашан саяси жаңалықтарды халықтың назарына ұсынуда. Әрбір жаңалықты бүге-шүгесіне дейін халыққа жеткізуде. Әрбір мемлекетке өзінің саясатын айтып жеткізіп отыратын арнайы арнасы болады. Мысалға бізде « Қазақстан» ұлттық телеарнасы, «Хабар» телеарнасы сынды тағы басқа. Жаңалықтар тарату барысында жүйелі ойды, сапалы дүниелерді телеэкранға алып келуде. Бұқарада өзіндік тарихы бар бұл арналар әрбір жаңалығын дәйектілік пен нақтылық арқылы ұсынуда. Телевизияның ақпарат таратуы арқылы мемлекеттің ұстанымы қалың жұртшылыққа солай сіңуде. 

Ұлт ұрпағын тәрбиелеудегі рөлі. Төртінші биліктің қоғам алдындағы және дамуындағы рөлі ерекше. Тәй-тәй басып, дамып келе жатқан мемлекет үшін телевизияның үлесі біршама. Жас буынды немесе одан да кішкентай бүлдіршіндерді телеарна арқылы жетілдірудің жолын көрсетіп жүрген «Балапан» арнасы. Қазіргі таңда рухани, мәдини,ұлттық патриотизмды оятып сан түрлі сапалы дүниелер дүниеге келуде. Телевизияның ұлт ұрпағын тәрбиелеуге дейін қаухарлы.

Телекөрермендердің эстетикалық талғамын қалыптастырудағы рөлі. Бұқараға жаңашылдық, әсемдік, талғамның жоғары болуы көрерменнің өз ырқында. Қазіргі таңда «Gakku» , «Мәдинет пен білім», «Muzzone», «Хит тв» арналары осы бағытта 0ызмт көрсетуде. Даму, өркендеу, ізденістер арқылы көрермендердің қызығушылығын арттырып, алдаға қарай жылжыта білу. Жаңа толқын, жаңа көзқарастар арқылы талғамдарын өсіру. Телеарналардың талғамды қалыптастыруы да жүйелі.

Әлеуметтік рөлі. Төртінші биліктің терезесі әлеуметтік жағдайларды шешуден де қалыспайды. Еліміз бойынша «КТК», «31арна», «Евразия» сынды арналар әлеуметтік жағдайлары шешу бойынша ат салысуда. Жаңалықтар қызметі әр эфирде сан түрлі мәселелерді көтеріп, шешімін табуды қарастырады. Халықтың назын шетте ұстамай телеэкранан көрсетіп, талқылап, шешім іздеуде. Түйіткілі бар дүниені телеарна арқылы қалың бұқараға жеткізіп, биліктен нақ тыы жауабыналып, тиісті шешімін табуына тікелей ықпал етеді.

Азаматтық қоғам құрудағы рөлі. Әр адамның жеке пікірі, субективті ойы әрқашан болады және болуы тиіс. Телевизия арқылы халықтың санасын оятып дұрыс шешім қабылдатуға бағыт беру.
Қоғам алдындағы тележурналистиканың жауапкершілігі өте зор. Себебі әрбір берген ақпарат әрқашан маңызды. Көк жәшік арқылы халықтың санасын оятып, қоғамның ілгерлеуіне, тарих тамырынан нәр алып, рухани қазынасынан сусындауға мүмкіндік бар. Теңізге тамшы болып таму қоғамның дамуына байланысты.

Бір қарағанда бәрі де қалыпты, бәрі де өз ырғағында тәрізді. Дегенмен, орын алып отырған олқылықтар мен жол беріліп келе жақтан кемшіліктер де жоқ емес.