Кешіре білейік...

Кешіре білейік...
жеке
блог

Жалпы, өмірде ойда жоқта кездестіретін нәрселерің көп болуы мүмкін. Қиыншылықтар, алдау, қателесу... Бірақ, бұның бәрі сынақ емес пе?! Сол жағдайда өзіңді ұстауың, оған жауап бере алуың, және сенің көзқарасыңның мүмкін болатын ауытқуы сынға түседі. Менің шамыма тиетіні, сондай кезде жаныңда жүрген жақыныңа деген көңілдің де өзгеруі. Неліктен күнделікті өмірдің болмағыр мәселелері, біздің бағалы құндылықтарымызға әсер беру керек? Неліктен жақыныңның құны, 1 тиынға да тұрмайтын ренішке тең болу керек? Қалайша ренішпен өмір сүруге болады? Досыңды қалайша ренішпен алмастыруға болады?

 Кететін қателіктер менде кетпейді дегенім емес. Тек... Тек мен адамдарды, әсте түсіне алады екенмін. Олардың құндылықтарын реніштен артық қоя алады екенмін, кешіріммен жауап бере алады екенмін. Бұл ешқандай да мақтаныш немесе бөлектену емес, деседе, саналы адамның көрсетер іс-әрекеті деп ойлаймын. Өмірдегі әр нәрсенің орнын, қасиетін біле алатын тұлғаның ойы.  

Сіздер, мүмкін айтарсыздар, кешіретін де кезде болады, кешірмейтін кезде болады деп. Ол бөлек әңгіме, мен айтқым келгені, жай ғана күнделікті өмір күйбеңіндегі, тіпті тұрар бағасы жоқ нәрселерге бола жанымызда жүрген жақындарымыздан айырылып қалмайықшы! Кешіре білейік! Қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырда, уақытымызды бос нәрселерге құртпайық.