Билік не АҚШа?
жеке
блог

Билік не АҚШа?

House of Cards көріп отырып, Шекспирдің "Отелло" пьесасы есіме түсті. Сенатор Френк Андервудтің прототипі жартылай болса да, Ягоға келеді екен.

"Мен үнемі ақшадан билікті жоғары қоямын. Бірақ сайлауға келгенде сол билікті ақша алып береді",- дегенінен талай нарсені ұғынуға болады. Шындығында, АҚШ-тағы кез келген сайлауда тәжірибелі лоббистерді жалдауға қомақты қаржы болса болғаны. Қалғанын сайлау алды кампания ұйымдастырады.

Яго Кассионы қалай пайдаланса, Френк те сенатор Руссоны солай бағындырып алған. Ал вице-президент АҚШ президентінің қолынан қалам алмағанына ренжіп жүр.

Френк Андервуд керек кезде барлық нарсені пайдалана алады. Кез келген ситуациядан шығуға жол табады. Өзіне деген сенімі толық, репутация бәрінен жоғары.

There are two kinds of pain. The sort of pain that makes you strong, or useless pain. The sort of pain that’s only suffering. I have no patience for useless things.

АҚШ шенеуніктері сериал сюжетіндегі әрбір саяси шешімдердің шынайы өмірдегі Капитолий тіршілігіне жақын екенін айтқан екен. Нақты кім айтқанын білмедім, бірақ. Саясатқа қызығатын адамдарға көруге кеңес беремін.