Мен саған есірткі жайлы айтып беремін!


           Тамағы тоқтық,
           Жұмысы жоқтық,
           Аздырар адам баласын.
           Таласып босқа,
            Жау болып досқа,
            Қор болып құрып барасың.
            Өтірік шағым толды ғой,
            Өкінер уақтың болды ғой.
                       ©Абай 
       Абайдың осы керемет дана сөзін    оқыған сайын, терең бір ойға  берілемін. Жұмысы жоқ, қолы бос, көше кезіп сандалып жүрген     кейбір жастардың естен тандыратын есірткі дегенге үйір   болып жүргені қатты қынжылтады. 
      Нашақорлық - қоғамды жайлаған қауіпті дерт. Оған құмарлық - жанның да, тәннің де құлдырауы.
Есірткі жолына түскен адам өзінің барлық жақсы қасиеттерінен ада болады. Достарынан қол үзіп, отбасын  жоғалтады.Өзіне және өз жақындарына бақытсыздық әкеледі. Тіпті өмірден ерте қош 
айтысуға тура келеді.  Есірткімен айналысатын жандардың саны жылдан - жылға   артуы әлем жұртшылығын қатты   алаңдатып отыр. Нашақорлық еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне 
қатер төндіруе. Ең қынжылтатыны, кәмелетке толмағандар арасында   да ажал құрығына іліккендер 
қатары да көбеюде.
    Ей, замандас! Өміріңді қор ететін   осы бір жаман әдеттен аулақ бол.
    Мен саған есірткінің қандай екенін айтып берейін.
    Есірткі өміріңді қысқартады, бір   дәмін татқан соң, өмір бойы соған    тәуелді болып өтесің.Зиянын білсең де, қоя алмайсың.  Денсаулығыңнан айрыласың . Сананы да,тәнді де улап, зақымдайды. Таңғажайып   өмір әлеміне деген қызығушылығың болмайды.  Нашақорлыққа үйір болма! Ол санаңды улайды, ақыр   соңында қылмысқа қадам бастырады. Бар жаныңды құл етеді.
     Айналаңа қарашы! Жарық сәулесін мол төгіп тұрған өмір қандай ғажап! Сол тамаша өмірде өз арманың мен қиялыңа қол жеткізуге тырыс.  Білім алып, өзің армандаған жоғары оқу орнын бітіріп, қалаған мамандықтың иесі болуың, ата-анаңның, Отаныңның алдындағы перзенттік борышыңды өтеуің керек қой.  Пайдалы іспен айналысып, адал   еңбек ет. Ал есірткіге құмар болсаң, бүкіл арманыңнан қол үзесің. Сондықтан өкінішке апаратын қадамға еш уақытта  барушы болма. Өмірдің барлық 
жақсы мүмкіндіктерінен айрылып   қалмауың қажет.
1)Өмір деген - қилы-сырлы бір кезең.
Бұл өмірге сен де, мен де келіп ем.
Іңгәлаған сәби болып туылып,

Барлығы да қара жерге көмілген.
2)О, жас өрен! Бізге үлкен мүмкіндік .
Мүмкіндікте жасаңыздар көп тірлік.
Жаман менен жақсыны айыра алмай,
Қалмаңыздар мәңгілікке өкініп.
3)Қазағымның жастары қандай  еді?
Қыздарымның қылығы балдай еді.
Жігіттері нағыз батыр, ер жүрек,
Жаман қылық, әдетке бармап еді.
4)Қазіргінің кей жасы бар алысқан,
Шылым тартып, бір-бірімен жарысқан.
Ащы су мен есірткіге құмар боп,
Ар-ұят пен жұрдай болған намыстан.
5)Есірткімен, шылымменен не өмір?
Бөлмейсің бе саулығыңа көп көңіл.
Өміріңмен өз-өзіңді құртқанша,
Сүрген артық достарыңмен сау   өмір.
6)Жоламашы ешқашан да харамға,
Керексің ғой барлық жақын жаранға.
Күні-түні білім іздеп, еңбек қыл,
Қол созайық тек қана біз адалға.

           Өмірің өз қолыңда!!!
           Өміріңді жақсартатын да , жарқын болашаққа апаратын да, өзің екеніңді ұмытпа!!!
           Ойланайық, ой түйелік ?!



Бөлісу: