Тәуелсіздікке 25 жыл

Еркіндік, азаттық, тəуелсіз болу əрбір жан үшін ештеңеге айырбастамайтын басты құндылық екені анық. Ал осындай миллиондаған адамның тəуелсіздігі үшін күрескен бұдан 25 жыл бұрын жүзіңді ызғарлы суықпен тырнап өтетін салқын суықта қайтпаған бірбеткей жұмыр жастардың арқасында 16 желтоқсан еліміздің еркін ғұмыр кешуіне қол жеткізген бақытты датасы болды. Қазақ жігіттерінің иттей қорлап, бұрымды қыздарымызды бейшара хəлге жеткізген бұл күннің артында тұғырлы тəуелсіздік, полигонның жабылуы, рəміздеріміздің қабылдануы, теңгенің енуі, БҰҰ, ЮНЕСКО,ТМД сияқты алпауыт алуандар мүшесі болуы, Азияданың бізде өтуі, əлемнің əдемі астаналар қатарына енетін елордамыз Астананың өркендеп өсуі, алда жоспарланып отырған EXPO сынды маңызды оқиғалар тұр. Бұл да болса 25 жастағы жігіт сияқты елімнің жеткен жетістіктерінің аз бөлігі. Алда төңкерілмеген төбе, шығылмаған шың қалды талай. Не де болса, осы тəуір күннен, ашық аспаннан, саналы жастардан, зиялы орта буыннан, дəулетті болашақтан көз жазып қалмасақ екен. Кешегіңе шүкіршілік келтіріп, бүгініңе қанағат етсең, ертеңгі күніңді үмітпен ойласаң ғана болашағың жарқын болмақ, қазақ елі!



Бөлісу: