Мақсатсыз жазба...

Массагетім,негізі саған келерде тек жақсы дүниелармен, тың идеялармен, жақсы бір бастамалармен келемін деп едім...Бірақ,сыр күнделігіне жазылатын жазбаларымды жазғым кеп,сенімен бөліскім келіп тұрады. Мүмкін,уақыт өте "жағдай" ойдағыдай бола бастаса,бәлкім бұлар өшірілетін де шығар. Бірақ бар ғой...олай болмауы да мүмкін... 

Қателік көп...Сабақ алып,түзетуге тырысып бағып жүрмін. Қанша дегенмен,жас кезіңдегі түрлі "дағдарыстарға" төтеп беруге де күш керек. Ойым он бөлек...шашыраңқы...бірдің басы,бірдің аяғы болып кетті... Сонда да Массагетім,сенің атыңа кір келтірмеуге тырысамын...Өйткені жүрек сыры күнделігімнің күре тамыры өзіңсің! Ал,күре тамырға пышақ тисе,онда бәрі бітті деген сөз....

Массагетім,сен менің күре тамырымсың :)  



Бөлісу: