ТОП-10 сайт!

       Интернет бәріміздің күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналғаннан бері, қол босаған сәттен-ақ интернетке үңіліп алатын әдетіміз бар. Интернет тек уақыт өткізудің құралы емес, ақпарат, білім алу, әр-түрлі тақырыптағы қажетте ресурстарды пайдаланудың құралы болып өмірімізге айналды десек артық болмас. Жә әңгіменің төркініне көшсек әр қолданушының өзінің жиі кіретін, үнемі жаңалық қарап, музыка тыңдап, кино көріп жүретін сайттары болады. Сол сайттардың ішіндегі өзім жиі пайдаланатын ТОП-10 сайттың тізімін жасап сіздерге ұсынбақпын.

www.massaget.kz Жастарға арналған ақпараттық-танымдық ойын сауық порталы. Көптеген қызықты мәліметтермен сусындап қана қоймай өз блогыңызды жүргізе алатын бірден-бір қазақ тілді порталы. Сонымен қатар желі қолданушыларымен достасып, пікір алмасуғада мүмкіндік бар.

www.szh.kz Сұрақ-Жауап сайты. Білмеген сұрақтарыңыздың жауабын алатын, өзіңізде сұраққа жауап жазып өзге қолданушыға көмегіңізді тигізіп қана қоймай бұл сайттада блогыңызды жүргізіп, онлайн чатта желі қолданушыларымен сөйлесе аласыз. Әрбір сұрақ-жауап, пікір үшін ұпай алып рейтинг бойынша үздік қолданушы атануға болады.

www.nur.kz Қазақ, орыс тілінде ақпарат тарататын еліміздегі ең үздік, ең қымбат портал. Бұл жерден музыка тыңдап, оны жүктеп алуға, әртүрлі тақырыптарда материалдармен танысуға, күнделікті жаңалықтарды оқуға арналған әмбебап ақпарат көзі.

www.prosportkz.kz Спорт тақырыбына арналған қос тілде ақпарат тарататын портал.

www.el.kz Жастарға арналған ойын-сауық ақпараттық порталы.

www.ult.kz Ақпараттық саяси әлеуметтік порталы.

www.bilim-all.kz Мектеп оқушылары, студенттер, ұстаздар үшін таптырмас ақпарат көзі. Бұл жерден көптеген материалдармен қатар біліміңізді одан әрі жетілдірудің тамаша мүмкіндігі бар десекте артық болмас.

www.abai.kz Ақпараттық саяси әлеуметтік порталы. Сонымен қатар Қазақ тарихын, Қазақ зиялыларының өмірімен қызметтік жолын, би-шешен, жыраулардың өмір-баянын оқуға болады.

www.ikitap.kz Кітап құмар адамдар үшін таптырмас кітаптардың алтын қоры. Еліміздегі бірінші Электронды Кітапхана деуге болады. Мұнда Қазақ жазушыларын ғана емес Әлем классиктерінің ең үздік шығармаларында оқуға мүмкіндік мол. Кітапты онлайн немесе аудио түрінде оқып, тыңдауға болады.

www.serke.org Ақпараттық саяси әлеуметтік порталы.



Бөлісу: