Табиғат сырлары
жеке
блог

Табиғат сырлары

Адам күнделікті күйбең тіршіліктен шаршайды екен. Қайда қарасаң да – жұмысқа, оқуға асығып бара жатқан адамдар. Жайбарақат жүрген жандар жоқтың қасы. Міне, осындай күндердің отызы өтіп кетіпті. Қыркүйек те аяқталып барады. Ойларың сан жаққа жүгіреді. Демалғың келеді.

Демалыс күндері табиғатқа шыққан жақсы. Таза ауамен демалып, тамаша табиғатпен тамсанып жүрген қандай керемет! Оның  асқар  биік,  мұнартқан  ақ  бас  таулары  да,  сылдырап  аққан  мөлдір  бұлағы  да,  қырлары  мен  тау  бөктерін  жапқан  қырмызы  гүлдері  де  көрген  адамды  жай  қалдырмай,  табиғат  бесігінде  әлдилеп,  барлық  жаныңда  рақатқа  бөлейтіндей.

Өзенінің  жиегіне  барғанда  ең  алдымен  желдің  жылы  лебін  сезінемін.  Жел  жер  жаһанды  аралап,  бойындағы  барлық  мейірімін  маған  ғана  төккендей.  Оны  менің  бетімді  сипап  өткеде  сезінемін.  Әр  жерден  естілген  құстардың  даусы,  желмен  тербелген  бұтақтар  сыбдыры,  қыбырлаған  жәндіктер  арқылы  туған  өлкеңнің  үніне  қанығасың.  Тек  қана  өзеннің  жанталасқан  ағысын  көргенде,  алысқа  көз  жүгіртіп,  өмірдің  жанталас,  қауырт  кездері  есіңе  түседі. 

Меніңше,  табиғаттың  адамға  деген  сыйы  да,  қасиеті  де  шексіз  болғандай,  оның  ашылмаған  сыры  да  жетерлік.  Сондықтан  өмірің  мәнді  болсын  десең,  тутабиғаттың  сырын  ашып,  ұға  біл.