Бастық деген кім? Балалар көзімен...
жеке
блог

Бастық деген кім? Балалар көзімен...

Патшалық таққа отырып, кіп-кішкентай бойымен айналасын думан-күлкіге бөлеп жүретін балақайлардың ісі де, тілі де тәтті емес пе? Біздің айналамыздағы сәбилердің әр қимылы, әр сөзі адамға күлкі сыйлайды ғой! Құдды олардың жұмысы сол сияқты... Дегенмен де балаларды аңғал олар еш нәрседен хабары жоқ деп ойлаймыз. Алайда, бала ойы үлкендердің іс-әрекетін ой-елегінен өткізіп, ақ-қарасын пайымдап, ара-жігін ажыратып алатыны даусыз.

Қай кез екені есімде жоқ. Әйтеуір, "Нұр" телеарнасынан балақайлармен жүргізген сауалнаманы көріп ішім жылыды. Әлдебіреулер үшін ойланарлықтай ойлар айтады... Журналист: әуелі, "Бастық деген кім?" сонсоң, "Бастық болсаң не істер едің?" деген сұрақтарды бөлек-бөлек әр балаға қойып шықты. Сондағы балалардың "Бастық деген кім?" деген сұрағына бірауыздан берген жауабы мынадай: "Бастық ұрысады, айғайлайды" десті. Дұрыс-ақ, өз ісіне жақсы қарайтындар әрине ескерпелер айтады. Әр баланың пікірі әр қилы болғанымен, ойлары бірдей. Былдырлаған тілдерімен сайрап тұр. Ал, "Бастық болсаң не істер едің?" деген сұрағына:" Көлігіммен әже, аталарды тасимын. Кішкентай балаларды отырғызамын. Адамдарға көмектесемін..." деген ойларын іркілместен айтты.

Өскелең ұрпақ осы "көмектесу" деген ұғымды түсініп тұр. Өз ойлары. Біреу сыбырлап бір нәрсе деген жоқ. Сонда қараңызшы, бастық ұғымын халыққа пайдасын тигізу, оларға қол ұшын беру деп ұғынып тұр. Ал, "бастық деген ұрысады" деулері өз жауапкершіліктерін атқармағанға жаза деп пайымдап тұрғандары сияқты. Онсызда солай ғой. Бірақ, соны түсінбей шіренетіндері, өз қамын ойлап әлектенетіндері де баршылық екені ақиқат.

Өскелең жас буынның осындай мейірбан жүректері, ұтымды ойлары бар екені бізді де қуантады. Ал қазіргі бастық осы бүлдүршіндердің жауаптарының қайсысын орындайды?! Бірін болмаса тек біреуін орындары анық қой.