Табандылық тауға тартады

Табандылық тауға тартады
жеке
блог

1700 метрді бағындырып, ләззаттанып отырған кезім. 

Ерінбей, қыстың қақаған суығына қарамай, таңертеңмен ерте тұрып тауға жол тарттым. Әрине, мені бұл іске итермелеген менің қалауым еді. Таулы аймақ, ауасы саф алтындай. Айналадағы тыныштық құлаққа жағып барады. Міне осы сәтте, ішіңдегі барлық негативті айқайлап шығарып, бір серігіп қаласың. Негізі белгілі бір шыңға шығу үшін 6 сағаттай уақыт кетеді. Кейбір адамдардың көздеген мақсаты биік шың болса дағы, жарты жолда кері қайтады. Неге?! Сонша жол жүріп, бастаған ісінен қолын үзеді. Оны еріншектік, жалқаулық, сенімсіздік құртады. Осы жарар, таудың шыңында да, дәл осындай бейне ғой-деп, қоя салады.

Ал табандылар болса, аязға қарамай, алдына шыға келген кедергілерден өтіп, дегеніне жетеді.
Айтқым келгені, өмірде әрбір істі бастамас бұрын мақсат қойып, бастапқыда құдай-ау сол мақсатқа жетуге бар күшімізді саламыз. Бірақ, нәпсінің артынан еріп, жарты жолда мақсатымызға қарап қол бұлғаймыз. 

Өмірдің қиындығына шыдай алмай, сынып кете жаздайсың. Әй қойшы соны, бәрібір жасай алмас 
едім-деп, өзіңді алдайсың. Пайдасы жоқ нәрсеге алаңдап, өзіңе пайдасы зор нәрседен оңай бас тартасың. Мойындашы, қай жер болмасын мейлі ол тау болсын, мейлі ол жұмысың болсын биікке шығу қашанда оңайға түспейді. Тер төгіп, еңбек еткенде ғана, сен қалаған мақсатыңа жетесің. Бастысы дұрыс мақсат қойып, ерінбей еңбек ету. Кедергілерге алаңдамай, оларды жеңу, сынбау, қажымау. 

Сірә, әрбіріміздің басымыздан өткен болар. 
Өмірде көп қателесесің, адам болған соң. Сенің қателігіңді біле тұра, қиын кезде жаныңнан табыла қалатын достарды осы кезде байқайсың. Көрдіңіз бе, бұның бәрі біз үшін сабақ, әрі оның қайыры бар. Бірақ, қателестім деп, бүкіл мақсатыңа көз жұму деген ол дұрыс емес. 

Сондықтан да ұзын сөздің қысқасы, адам өмірінде жақсы да, жаман да істер болады, соған қарамастан қойған мақсатыңа тіке қарап, ерінбей еңбек етіп, табанды болып, қажымай, қаймықпай, армандаған шыңымызға жетуімізді тәңіріміз нәсіп етсін!!!