GGG vs Canelo "бұны әлем әлі күтуде"

GGG vs Canelo "бұны әлем әлі күтуде"
жеке
блог

        Әлем асыға күткен бокс кешінде Канелоның аяқ-астынаң Геннадиймен жекпе-жекке шығудан бас тартуы, бокс сүйер қауымның көбінің жағасын ұстатып, таңғалдырды. Тіпті шетелдік ақпарат құралдары «Канело-қорқақ» деген ақпарат тарата бастады. Бірақ қазіргі таңда бұл жекпе-жектің өтуін  екі жақтың агенттері қайтадан қарастырып жатыр. Жерлесіміз Гена жайында барлығын білгенімен Канело жайында көбіміз хабардар емеспіз.

      Канело (Сауль Альварес)-мексикалық 25 жасар жас боксшы. Спорттық карьерасында 49 жекпе-жек өткізіп 47 жеңіс, 1 тепе-тең және 1 жеңіліспен BoxRec рейтінгінде 1254  және 1385 ұпаймен 1-ші орында.  Алғашқы жеңілісін америкалық кез-келген салмақта  жеңілмеген супербоксер Флойд Мэйвезербен өткізіп 12 раунд қорытындысы бойынша тек есеп айырмасы бойынша  есе жіберген. Бұл жекпе-жек тарихтағы ең қомақты қаржы жинаған (180 млн $) спорт кеші. Флойд Мэйвезер және оның байлығы, Мэйвезер жайында  білмесек ұят болар.

                 Жеке өз ойым: Канелоның бас тартуы уақыт, мүмкін денсаулығы, олы әлі жас, бәрі енді басталады, уақытқа сеніп отыр. Біздің Гена 34 жаста, бұл жас бокс үшін карьераның аяқталуы. Тек Генадан  күтеріміз жеңіс, осы мықты екі боксердің жекпе-жегін асыға тосамын. Гена карерьасын аяқтағанда, елімізде бокс мектебін ашып, мықты, әлем рингтерін бағындырар қазақ  ұландарын тәрбиелейді деп сеніп, үміт артайық.