Бес күндік білім беру жүйесі!

Бес күндік білім беру жүйесі!
жеке
блог

        Ерлан Сағадиев Білім министрі болғаннан бері көптеген бағдарламаларды білім саласына әкеліп жатыр. Солардың бірі "Бес" күндік оқу жүйесі. Бес күндік оқу жүйесі көптеген дамыған елдерде ертеден қалыптасып жүйеге қойылған. Бұл біздің елде көптен бері айтылып келседе биылғы жылдан бастап бірінші сынып оқушыларына еңгізілмек. Біздегі қатып қалған қағида бойынша алты күндік оқу жүйесі көпшіліктің қолдауына ие болсада, оқушы үшін алты күн ауыр сөмкесін арқалап, аптаның барлық күнінде кітаптан көз алмай сабаққа дайындалып отыруы оқушы үшін психологиялық, моральдық қысым екені анық нәрсе.

Мектепке барғысы келмейтін бастауыш сыныптағы ойын баласы үшін бұл өз алдына үлкен мәселе. Бұл аралықта ауыл мен қаладағы оқушыларды салыстырып, екі жақты зерттеуді қажет етеді. Ауыл оқушыларына жылдың қай мезгілін алып қарасақта мектепке қатынау жағы қиындық тудырса, бұл ретте қалада қоғамдық көлік мәселесіде сол секілді қиындық тудырады. Алты күндік оқу оқушыға ауыр тиіп қана қоймай, оның демалып, тынығуынада кедергі. Жексенбі күні оқушы үй жұмысынан көз алмай, ертеңгі күнгі оқуды ойлап оған тағы дайындық жасаудың қамына кіріссе, бес күндік оқу жүйесі бұл ретте артығырақ пайдалы.

Салыстырмалы түрде бес күндік оқудың; артық демалыс күннің болуы, үй шаруасы, оқуға дайындалуға уақыттың болуы, достарымен алаңсыз ойнауына, ауыл баласы үшін қалаға қатынап қажетті заттарын алып келуге, үйірмелерге қатысып, спортқа, білімге уақыттың жеткілікті екенін анық байқауға болады. Бес күндік білім жүйесінің бір ғана кемшің тұсы Мұғалімдердің айлық жалақысының қысқаруы. Мұғалімде сенбі күні демалатын болғандықтан бұл айлықтың қысқаруына жол береді. Десекте көш жүре келе түзелетінін ескерсек бұл мәселеніде Білім министрлігі өз шешімін тауып, бір ізге салатыны даусыз. Ал оқушылар үшін биылғы жылдан бастап бес күндік оқу жүйесі бірінші сынып оқушыларынан бастап, алдағы уақытқа қарай бұл дәстүр жоғарғы сынып оқушыларынада еңгізіледі. Оқушыларға білім алаңында тек Сәттілік!!!