Қыз - қылығымен...

Қыз - қылығымен...
жеке
блог

"Гүл өссе - жердің көркі, қыз өссе - елдің көркі" деген халқымыз. Табиғатынан нәзік, ибалы сұлу әрі көркем келетін, екнші жағынан, мықты төзімді шаңырақ киесі, адал жар, асыл ана бола білетін қазақ қыздарына не жетсін?! Жібек, Баян сынды арулардың жолын қуған қазіргі қыздарымыздың болмысы қандай? Тәрбие жеткілікті беріле ме? Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен болашақ аналар жайы әрбір ата-ананы толғандыруы тиіс. 

Меніңше, қыз - ақылды, тәрбиесі мол, жанашыр, қарапайым, ар-ұяты бар, инабатты, айналасынан мейірім мен махаббат күтетін сезімтал жан. Махаббат демекші, қазіргі жігіттер неліктен қыз жүрегін жиі жаралап, сезімдеріне немқұрайлы қарайды? Жігітке сезімін білдіріп, артынан "жүгіруі" жігіттің менмен болуына себепші. Сондай сәттерде қызға сәл шыдамдылық намыс жетіспей қалады. Осылайша жігіттерді жаман үйретеді. Нәзік жанды арулардың әлсіз, қорқақ жігіттерді ұнатпайтыны секілді, жігіттер де батыл, ермінезді қыздардан қашады. Сондықтын қыздарға биязы, жұмсақ мінез қалыптастыру қажет.