Табиғатпен үндестікте болу үшін...
жеке
блог

Табиғатпен үндестікте болу үшін...

Жылқы баласы су ішкен жерден су іш.

Жылқы жаман иə харам суды ішпейді.

Мысық ұйқтаған жерге төсегіңді қой.

Құрт тістеген жемісті же.

Көртышқан ін   қазып орналасқан жерге бақша егіп, ағаш отырғыз. 

Күн жақсы түсіп , жерді жылытып , қыздырған жерге үй тұрғыз.

Құдықты, не су көзін - ыстық күнде  құстар ұя салған  жерден қаз.

Тауық пен бір уақытта  оянып, бір уақытта ұйқтасаң - несібең артық болады.

Көк-сөкті көп жесең  - аяқтарың  мықты, жүрегің аңдыкіндей күшті болады.

Аяқтың  астындағыны,  не көз алдыңдағыны ғана көре бермей

жиі көкке қара, сөйлесеңде ,ойласаңда -  ойың жарқын,  жүрегің таза болады.

Көп сөйлеудің орнына үндемей отырған адамның  ойлары тың, рухы тыныш болады.