Көркем мінез жəне сыпайылық туралы.

Көркем мінез жəне сыпайылық туралы.
жеке
блог

Адамдағының бəрі көркем, əдемі болу керек. Не нəрседе де өзі мəдениетті,

сөзі салмақты, ал іс-əрекеті өрескел,дөрекі болмау керек.

 Бұл ретте неге тырысу керек? 

Не істесең де алдыңа қойған мақсатың анық болу керек. 

Сол мақсатқа асықпай шыдамдылықпен ұмтылу қажет.

Мысалы: дәмді асты көргенде сүйсіну, дəмін тату керек,бірақ тойып ішу міндетті емес. 

Сол сияқты бір бокал вино ішуге болады ,бірақ мас болу қажет емес.

Міне, əр нəрседе  осылай болуы тиіс. Баланы  жазалау да , еркелету де қажет деген сияқты.

Сонымен бірге қарапайымдылықты да ұмытпауымыз керек.

Байлығыңмен көзге ұрма,табысыңмен мақтанба. 

Көреалмаушылық пен күндеуден осылай сақтана аласың.

Əрнəрсенің басын бір шалма, алдыңа бір ғана мақсат қойып,

соның соңына жетуге тырысу керек. 

Барыңды бағала ішкі даусыңды тыңда,интуиция бəрін дұрыс айтады. 

 

 

"Ақсүйектік, бегзаттық бұл - бəрінен де биік тұрған адамдық.

Бірақ бұл - адамдар арасында сирек кездесетін құбылыс."