"Қыз туғанмен қылығын тумайсын"

"Қыз туғанмен қылығын тумайсын"
жеке
блог

Қолдарында "... сен үздіксің" деген плакаттары бар достарын шығармашылық кешіңе немесе сен қатысатын байқауға келіп қолдау білдіріп тұрса - өзіңді бақытты сезінетін шығарсың иә?! Мұндай демеу тек шынайы достық пен бірлікті ту етіп, қадірлей білетін ортада ғана болады... Күшті енді, сөзбен жеткізу қиын. Онымен қоймай ана бір жерде отырған достарың сахнаға шыққаныңда саған қарай қол бұлғап, айғайлап атынды атап жатады... Қалған жаңашыр жолдастарын сахнада сенімен бірге ән айтып, кештің сәнін кіргізуге барын салып жатады. Әдемі ме? Әдемі! Қызығасын ба? Қызықпай көр (тіл көзім тасқа!). Білесіздер ме, жоғарыдағы сөздерді шынай өмір желісінен көру басқаша әсер қалдырады екен! Керемет сезімге бөлейтінін айтпаса да түсініп отырған боларсыздар. Бүгін кешкілік ҚМУ-дың өнерпаздарға арналған кең залында аз күндерден соң "Өнер" студиясының түлегіне айналатын әнші - Әйгерім Бейсекова атты студенттің бенефис шоуы өтті. Бір универде оқиды демесеңіз жөнді танымаймын ол қызды. Алғашқыда спорттық шараларда доп теуіп жүргенін көретінмін, кейіннен сахналарда ән шырқап жүрді. Өткен жолы жарнама тақтайшасынан сол қыздың суреті бар хабарландыруды көрген соң кіріп тамашаламақ болдық... Кеш әдемі өтті. Ұнады. Өзінің де өзгелердің де өнерін мойындауға тұрарлық. Бұдан бірнеше жыл бұрын Әйгерімнің ағасы да дәл осы жерде бенефис шоуың өткізген екен. Араға жылдар салып Әйгерімнің кезегі келіп отыр. Демек ата-анасы да бұл залдың екі мәрте құрметті қонағы атанды деген сөз. Солай! Мана Әйгерім әкесі мен анасына арнап ән салды. Перзенттік парызым бар дегенді әуезді әнге салып жеткізді. Сүйікті анасына гүл шоқтарын сыйлауды да ұмытпады. Бұл кезде залдағы барлық экранда "мама-папасымен" түскен суреттер көрсетіліп жатты. Әсерлі енді... Одан бөлек ата-анасы сахнаға көтеріліп, сөз сөйледі. Жиналған жұрт қошемет көрсетті. Бұл жәй ғана іс-әрекет емес достар. Ойлап көріңіздерші... Мысалы, Әйгерімнің арқасында "мама-папасы" көрермендердің алдына шығып сөз алды, көпшіліктің құрметті қонағы болды. Ал кез келген оқу орны сен екеуміздің ата-анамызды осылай төріне шығара ма? Жоқ! Неге?! Өйткені біз ата-анамызды қуантуға әлі асықпай келеміз. Оларға деген сүйіспеншілігімізді жеткізуге бата бермейміз (мейлі жұрт алдында болса да). Ал менің кейіпкерім универ қабырғасында еңбегімен, талпынысымен өзін танытты, мойындатты. Қаншама жетістіктерімен отбасына қуаныш сылайды. Сөйтіп әр кез үйіндегілерді қуантып отырды. Осы біз, Әйгерім сияқты ата-анамыздың төбесін көкке бір елі жетпейтіндей қуанта аламыз ба?! Мен олар үшін универде не жасай алдым, нені дәлелдеп бердім, білмеймін. - Дым! Бүгін түскі бірге дейін ұйықтаппын, одан соң осы кешті тамашаладым. Ал енді бөлмемде ойланып отырмын: ата-анамды қайтіп қуантсам екен?! Сіз ата-анаңыздың мерейін асырып көрдіңіз бе?