Мүмкін емес бірақ шындық

Қазіргі уақытты дамыған  заман деп жатамыз. Ол шындық. Қолымызда бір-бір  планшет,  телефон,  интернет. Бірақ  кітап  ешуақытта бұлардың  орнын  алмастыра  алмайды. Кітапты электронды нұсқадан  гөрі, яғни  планшет  немесе телефоннан  оқығаннан  қағаз  түрінде оқығаннан  рахаттанамын. Өзіме ыңғайлы,  түсінікті. Кітап - білім  бұлағы

 

1. Максим  Горький минутына төрт  мың  сөзден  оқыған. Ал  біз  қанша оқиды   екенбіз? Кем  дегенде 200 шығар  ия

2. Сталин  бір  күнде 400 беттен  оқыған  және оны  өзі үшін  ең  төменгі  көрсеткіш  деп  есептеген. Біз  30-50 бет  оқуымыз  мүмкін. Кейде кітапханада көремін  бір  бет оқып  болған  соң  ұйықтап қалатындарды

3. Томос Эдисон 2-3 қатарды бірден  оқыған  және әр  парақта  не жазылғанын  есінде жақсы  сақтаған. Міне керемет

4. Э. Гаон өзі оқыған  2500 кітапты сөзбе - сөз  жатқа білген. 

5. Бальзак  200 беттік  романды  жарты сағатта оқып  бітірген. Жарты сағатта  неше  бет  оқиды екенбіз?

6.Н.Рубаки  250 мың кітап  оқыған. Мен  2500 кітап  оқысам  қуанар  едім.

7. Напалеон  минутына 2000 сөз  оқыған. 

Ия мұның  бәрі өмірде болған  мүмкін  емес  бірақ  шындық  жағдайлар

Өзімді осы уақытқа дейін  мынанша  кітап  оқыдым  деп  мақтай алмаймын. Бірақ  барынша  кітап  оқуға  тырысамын.  Ал  сіздер  кітап  оқисыздарма?



Бөлісу: