Бәрін кешіріңіз

Өмірде талай қайғылы, қуанышты сәтті бастан кешіреміз. Бір қызығы, қуанышты сәттерге қарағанда қайғылысы көп болып көрінеді. Шындығында олай емес. Барлығы ситуацияны қалай қабылдайтындығымызға байланысты. Осы туралы көп ойланған Регина Бретт өмірден алған сабақтарымен бізбен бөлісуді жөн көрген екен. 

1. Өмірдің кейде әділетсіз болатыны рас. Бірақ оны бәрібір жақсы көруіміз керек.

2. Не істеу керегін білмесеңіз, алдыға қарай тағы бір рет қадам жасаңыз.

3. Өмір тым қысқа. Сондықтан адам қатарында жоқ жандарға кек сақтап әуре болмаңыз.

4. Жұмыс ауырып қалсаңыз, сізді емдемейді. Мұны ата-анаңыз бен достарыңыз жасайды. Сондықтан қарым-қатынасты сақтап қалу үшін бәрін жасауға тырысыңыз.

5. Ай сайын қарызыңызды өтеп тұруды ұмытпаңыз.

6. Әрбір пікір-таласта жеңіске жетуге міндетті емессіз. Келісіңіз немесе жәй ғана ұсыныстан бас тартыңыз.

7. Жақыныңызбен бірге жылай біліңіз.

8. Сіз жақсы көретін адам сізді түсінеді.

9. Алғашқы айлық алған сәтіңізден бастап, ақша жинауға кірісіңіз.

10. Шоколадтан бас тартуға міндетті емессіз.

11. Өткен өміріңіз болашағыңызға кедергі болмасын десеңіз, оны сол күйінде қабылдаңыз. Өткен шақ пен осы шақты шатастырмаңыз.

12. Балаларыңыздың көзінше жылап алуыңызға болады.

13. Өз өміріңізді өзгенікімен салыстырмаңыз. Сіз басқа адамдардың қандай қиындықтан өтетінін білмейсіз.

14. Егер сүйіктіңіз ара-қатынастарыңыздың жасырын болғанын қаласа, кетіп қалғаныңыз жөн.

15. Барлығын бір сәтте-ақ өзгертуге болады.

16. Уайымдамаңыз: жаратушы бәрін біледі.

17. Терең демалыңыз. Бұл миыңызды сергітеді.

18. Пайдасыз, ұсқынсыз заттардан арылыңыз.

19. Өлтірмейтін нәрсенің барлығы сізді мықтырақ етеді.

20. Бақытты балалық шаққа кез келген уақытта орала аласыз. Бірақ екінші балалық шақтың қандай болатындығы тек өзіңізге байланысты.

21. Киіміңіз әдемі болсын.

22. Өзіңіз қалаған нәрсеге ешуақытта «жоқ» деп айтпаңыз.

23. Басқа күнге арнап ешнәрсе қалдырмаңыз. Бүгін – дәл сол басқа күн.

24. Кез келген ситуацияға дайын болыңыз. Ал қалғанының не болатыны маңызды емес.

25. Үнемі әдемі киініп жүруге тырысыңыз. Әйтпесе бір күні қартайып, әдемі киім кие алмай қалуыңыз мүмкін.

26. Бақытты болу, болмауыңыз тек өзіңіздің қолыңызда.

27. Қиын жағдайға тап болсаңыз, өзіңізге «Осының 5 жылдан кейін маңызы бола ма?» деген сұрақ қойыңыз.

28. Әрдайым өмірді таңдаңыз.

29. Бәрін кешіріңіз.

30. Өзгелердің өзіңіз туралы ойына әуес болмаңыз.

31. Уақыт бәрін емдейді.

32. Уақытқа да уақыт керек.

33. Ситуация жақсы болсын, жаман болсын, ол бәрібір өзгереді.

34. Әр нәрсенің мәніне терең үңіле берудің қажеті жоқ.

35. Таңғажайыпқа сеніңіз.

36. Жаратушы сізді жаратқандықтан жақсы көреді. Бұған сіздің іс-әрекетіңіздің еш қатысы жоқ.

37. Өмір туралы көп ойлана бермеңіз. Өмірге келесіз, үлгергеніңізше игі істер жасап, қайта кетесіз.

38. Өмірмен жастай қош айтысқаннан, қартайған артық.

39. Балаларыңыздың тек бір ғана болашағы бар.

40. Өмірдің мәні махаббатта. Қалғаны маңызды емес.

41. Күнде қыдырыңыз.

42. Таңғажайыптар барлық жерде болады.

43. Қиындықтарымызды өзгелердікімен салыстыратын болсақ, әлдеқайда бақытты жан екенімізді түсінер едік.

44. Көреалмаушылық – уақытты босқа шығындау.

45. Сізде қалағаныңыздың барлығы бар.

46. Алда әлі талай қуаныш күтіп тұр.

47. Көңіл-күйіңіздің қандай екені маңызды емес. Киіміңізді киіп, сыртқа шығыңыз.

48. Жол беріңіз.

49. Ата-анаңызды қадірлеңіз.

50. Өмір сіз бен біз ойлағандай, тек жақсы сәттерден құралмайды. Оны сыйлық деп біліңіз.